Максим Споткай – "Нұр Отан" партиясының жанындағы "Электрондық партия" интернет-порталы медиа-редакциясының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің мүшесі

Ақсу қаласында жастарды Мемлекет басшысының айналасына шоғырландыру институты және өңірдегі жастардың мәселелерін талқылау және шешудің тиімді алаңы ретінде өңірдегі алғашқы жастар мәслихатын құру идеясының тең авторы саналатын Максим Споткай қазіргі қоғамның белсенді азаматтарының бірі. Ол 2008 жылы Ақсу жастар мәслихаты төрағасының орынбасары болып сайланса, 2009 жылы «Нұр Отан» ХДП Ақсу қалалық филиалы жанында өңірлік Жас саясаткер мектебін ашты, көп ұзамай ол жастар арасында Н.Назарбаевтың идеяларын оқыту және ілгерілету орталығына айналды.

2013 жылы Ресей Федерациясында оқып жүргенде қазақ тілін әлеуметтік желілерде насихаттау үшін жастардың пилоттық жобасын іске асыра бастады. Әлеуметтік желілерде белсенді қатысушылардың қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері мен құралдарын ортаға салып, пікір алмасатын тобы құрылды. Омбы қаласы аумағында М.Споткайдың тікелей қатысуымен қазақстандық студенттер мен Омбы қазақ қоғамдастығының жастарына арналған қазақстандық тіл мамандарының көшпелі семинарлары мен кездесулері ұйымдастырылды.

Сол жылы Омбы өңірінде қазақ тілін дамытумен айналысатын Омбы жастарының «Қазақ тілі» бастамашыл тобының жетекшісі болды. Сонымен қатар, бастамашыл топ Павлодар облысының әкіміне жергілікті мектептерді қазақ тілі оқулығымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша хат жолдады, сондай-ақ федералдық тізімге қазақ тіліндегі оқулықтар мен құралдардың енгізілмегені туралы мәселе көтерді. Осы мәселені М.Споткай ҚХА сессиясында көтерді және бұл мәселе Президент Н.Назарбаев қол қойған Сессияның хаттамасы бойынша өз шешімін тапты. М.Споткай – «ZamandaS» қазақ тілі клубын және шығармашылық ұжымын құрушы және модераторы (басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық мерекелерін өткізу).

2013 жылдан бастап Омбы қаласындағы Қазақстандық студенттер клубының бірінші президенті болды. Клуб жұмыс істеген уақытта жүздеген қазақстандық студенттер қосылды. Клубтың жобалары қазақстандық студенттерге арналған мәдени ортаны сақтауға және оқу аяқталғаннан кейін олардың Қазақстан Республикасына қайтуына ықпал етуге бағытталды. Аталған жобаға өңірдегі жоғары оқу орындарының басшылығы кедергі жасады, дегенмен, Ресейде оқитын қазақстандық студенттердің ассимиляцияға ұшырауына қарсы маңызды рөл атқарды. Омбы өңірінде тіркелген кезінде қазақ тілді оқырманға арналған жалғыз газет болған «ZamandaS» басылымының бас редакторы және идеяларының авторы. Газет осы күнге дейін шығарылады. 2015 жылы тексеруші органдардың сынауынан кейін (Омбы облысы Роскомнадзор басқармасы) және газетті тексеру жиілегеннен соң бас редакторды ауыстыру туралы шешім қабылданып, орнына Ресей азаматшасы тағайындалды, ал, М.Споткай жоба жетекшісі қызметіне ауысты. Газет екі тілде шығарылады. Газеттің негізгі мазмұны Омбы және бүкіл Ресейдегі қазақ қауымдастықтарының, қазақ тілінің мәселелері туралы материалдарға арналған. Газет беттерінде бірнеше рет Ресей мектептеріндегі қазақ тілі сағатын азайту туралы, қазақ тілінде сабақ беретін білікті оқытушылардың жетіспеушілігі және олардың тәжірибе жинақтау және біліктілігін көтеру курстарына бару мүмкіндіктерінің жоқтығы және т.б. мәселелер көтерілді.ФЭУ ОмГТУ Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы. Студенттік пікірсайыс клубының жетекшісі, «Қазақ лигасы» жобасының авторы (Омбы қаласында қазақ тіліндегі дебаттар). Аталған жоба қазақ тілді емес ортада қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы республикалық жастар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Павлодар облысы әкімінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі.

Қазіргі уақытта интернет желісінде қоғамдық пікірдің көшбасшы болып табылады. Әлеуметтік желілердегі парақшаларында қазақ тілін дамыту туралы, Мемлекет басшысының идеяларын және өзекті әлеуметтік мәселелер туралы тұрақты түрде материалдар жариялайды. Пікірталастарда қазақстандық бірегейлік негізінде елдің барлық этностық топтары үшін Қазақстан халқының ұлттық рухын өркендету ұстанымын белсенді қолдайды.