Марат Мұстафин – балалар травматологы

Марат Мұстафин – білікті балалар травматолог – ортопеді, Павлодар облыстық балалар емханасының балалар нейрохирургі. Штаттан тыс бас балалар нейрохирургінің жұмысын жүргізеді, бас сүйек-ми, арқатұс ауыр жарақаттары бойынша санитарлық авиация арқылы түсетін барлық шақыртуларға тәулік бойы режимінде облыс аумағында жалғыз өзі қызмет көрсетеді. Бұдан басқа облыстың барлық емдеу мекемелерінде (облыстық перинаталдық орталық, босану үйлері т.б.) жаңа туған және шала туған балаларға кеңестік практикалық көмек көрсетеді. Марат Саматұлы травматологиялық ота жасау, арқатұс жарақаттарына көмек көрсету және түрлі нейрохирургиялық әрекеттер кезінде жаңа технологияларды енгізуге белсене атсалысады. М.С. Мұстафин нейрохирургиялық оталар мен әрекеттерді өте мұқият және зергерлік нәзіктікпен жасайды. Үнемі мүмкін болатын асқынуларды алдын-ала болжап, ота барысын жоспарлайды және емдеу тактикасын нақты дайындайды. М.С. Мұстафин кең көңілді адам ретінде Павлодар мен Павлодар облысының халқы арасында үлкен беделге ие, жас мамандармен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі, ұжымда абыройлы, емделушілері қатты құрметтейді. М.С. Мұстафин дәрігер ретінде біртума, жылдам, зерек және өте жауапты қызметкер. Әрдайым бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Өте білімді, қайта асқынудың алдын алу мәселелері бойынша нақты бағдары бар. Оның ерекшелігі тез шешім қабылдайды және жауапкершілікті өзіне алады.

М.С. Мұстафин 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының педиатрия факультетін бітірген. Медициналық академияны бітірген соң Алматы қаласының № 1 қалалық балалар клиникасында хирург дәрігер болып, сондай-ақ Тараз қаласында жедел медициналық көмек емханасының нейрохирургия бөлімінде нейрохирург дәрігер болып жұмыс істеген. 2010 жылдан бері Павлодар қаласының Облыстық балалар емханасында нейрохирург дәрігер және травматолог-ортопед дәрігер болып еңбек етеді. Мүлтіксіз жұмысы үшін емхана әкімшілігінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар алғыс хаттары мен грамоталары бар. Емхананың қоғамдық және спорттық өміріне белсене араласады. Ұл тәрбиелеп отыр. Өз тәжірибесіндегі, жалпы балалар нейрохирургиясы тәжірибесіндегі ең бірегей жағдай деп жұлынның төс бөлігінде пышақ жарақаты бар баланың келіп түсуін айтады. Тексерілген соң балаға шұғыл түрде ота жасалды. Ота мен отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті, кейін емделуші жазылып шықты, ешқандай неврологиялық зақымдану болған жоқ. Бұл жағдайдың бірегейлігі балалық шақта мұндай жарақат өте сирек болады. Сондай-ақ Павлодар облысы ауылдарының бірінде оның дәрігерлік тәжірибесінде есте қаларлық тағы бір жағдай болды. Бала спорттық велисипед айдап жүріп, кенет тежегіш басқанда алға қарай баспен құлаған. Ата-анасы баланы шалқасынан жатқан күйінде тауып алған. Бала аяқ жағын қозғалта алмайтынын айтып шағымданған. Баланы көрпеге салып, көліктің алдыңғы орындығына жатқызып емханаға жеткізген. Емханаға түскен бетте ренгенограмма жасалып, бесінші мойын омыртқасының 2 дәрежелі компрессиялық сынығы анықталған. Марат Саматұлы Мұстафин эндотрахеалды наркозбен ота, яғни бесінші мойын омыртқасының резекциясы, жұлын ревизиясы, жамбас сүйектің жалпақ басының қанатынан аутотрансплантантпен спондилодез жасалды. Әрі қарай емдеу процесінде баланың жағдайы жақсарып, бала амбулаторлық ем алуға өз аяғымен шықты. Бұл балалық шақта омыртқа мен жұлын зақымданған бірегей жағдай. Осыған ұқсас жағдай басқа балада да болды, ол суға шомылып жүргенде суға сәтсіз сүңгіп, басын өзеннің түбіне соққан. Оны «Бас сүйек-ми жабық жарақаты. Ауыр дәрежелі жұлын зақымдануы. 2-3 дәрежелі С4-С5 омыртқа денелерінің комрпессиялық сынығы. Қол жарақаттық парапарезі» диагнозымен санавиация желісі арқылы Павлодар облыстық балалар емханасына жеткізді. Мойын бөлігіне МРТ зерттеу жасалды. М.С. Мұстафин интубациялық наркозбен ота жасады: алдыңғы сынамен ажырату спондилодезі, бесінші мойын омыртқасының резекциясы, МЭШ (металл омыртқа ауыстырғыш) торымен төртінші-алтыншы мойын омыртқарын импланттау, 10 күннен соң Атлантис пластинасымен бекіту жасалды. Бала қанағаттанарлық жағдайда үйіне жіберілді. Жоғарыда айтылған жағдайлар негізінен ересек емделушілерге тән, балалық жаста сирек кездеседі және омыртқа мен жұлын әлі өсіп жатқандықтан ота әдісін таңдау өте қиын. Балаларға қолданылған бұл бекіту әдістері қатаң бекітетін әдістер болғандықтан негізінен ересектерға қолданылады. Бірақ омыртқа мен жұлынның ауыр зақымдануын ескере отырып, балалық шақ жасқа да қолдануға тура келді. Бала өмірін құтқарудың соңғы жағдайларының бірі Павлодар облысының алыс ауылында 10 жасар қыздың ми ішіне көп қан кету жағдайы болып табылады. Алдымен бала Екібастұз қалалық емханасына жеткізіліп, Марат Саматұлы шұғыл түрде сонда ұшып барып миына ота жасады. Кейін қыз Павлодар облыстық балалар емханасына ауыстырылды, ұзақ уақыт комада жатты, емхана төсегінде 1,5 айдай уақыт өткізіп, қанағаттанарлық, есін білетін күйде шығарылды. Мұндай жағдайлар көп болды және балалар нейрохирург дәрігері М.С. Мұстафиннің күнделікті өмірі осылардан құралады.