Михаил Коновалов  Теміртау қаласында туып-өскен. Еңбек жолын екінші деңгейлі банктердің бірінен бастап, сату жөніндегі агенттен бөлімше бастығына дейін өскен. Банк саласындағы жұмыстан соң Теміртау қаласындағы олимпиада бассейнінің директоры болған. Осы сәттен бастап оның белсенді қоғамдық ісі басталды. Спорт нысанының басшылығы қызметі жастармен, оларды тәрбиелеумен және қоршаған әлемді қабылдауымен тікелей байланысты.

Михаил 3 жыл бойы Теміртау қаласында «Ағаш отырғыз» экологиялық жобасын жүзеге асырып жүр. Жоба аясында 1500-ден аса жас ағаш отырғызылды: қарағай, шырша, қайың, сағызқарағай. Көркейту нысандары -  емханалар, балабақшалар, мектептер, жоғары оқу орындары, интернаттар, кәсіптік-техникалық училищелер және қала аулалары.

2018 жылы серіктестерімен бірге қаланың көне бөлігіндегі бақты қалпына келтіруге қатысып, жеке қаражатына өз күштерімен жас жұбайлар қыдыратын 2 алаңқайды қалпына келтірді.

Бүгінде жеке меншік «АвтоТехЦентр - Азия» ЖШС компаниясының басшысы болып табылады, онда 300-ден аса адам жұмыс істейді. Металлургтер қаласымен тағдырын байланыстырғысы келетін жас мамандарға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын шешуге көмектеседі. Қалада жалдама тұрғын үйлерін салу мәселелерін шешуге орындаушы органдар деңгейінде үлесін қосып жүр. Әріптестері және серіктестерімен бірлесе мемлекеттік жеке серіктестік (МЖС) аясында компаниясының қызметкерлеріне арнап  жеке меншік балабақша салуға қатысады.

Михаил «Басшы болу құрметпен қоса үлкен жауапкершілік» деп санайды, «себебі сенің артыңда жай жұмыскерлер емес, олардың жанұялары бар, және біздің міндетіміз әр қазақстандықты лайықты еңбек жағдайы және лайықты төлеммен қамтамасыз ету».