Михаил Лахтин - хореограф

Михаил Васильевич Лахтин – жоғары санатты балетмейстер, қала мен облыстағы үздік шығармашылық ұжымдардың бірі «Мәңгілік» («Туған жер») ансамблінің көркемдік жетекшісі. Оның жұмысының арқасында ансамбль тек туған өлкесінде, елінде ғана емес, жақын және алыс шет елдерге танылды. Михаил Васильевич кадрларды өз қолымен тәрбиелегенді жөн көреді. 2010 жылдың тамызында «Туған жер» би ансамблі осылай құрылды. Жастығына қарамастан, ұжым қала, облыс және республика сахналарында үлкен табыспен өнер көрсетіп жүр. Ансамбль репертуарында Солтүстік Қазақстан облысында тұратын халықтардың билері бар. Аз уақыт ішінде М.В. Лахтин түрлі халықтар биінің 30 қойылымын жүзеге асырды. Бұл би композициялары жоғары кәсібилікпен, хореографиялық лексиканың бай палитрасымен, нағыз ұлттық колоритпен ерекшеленеді. Ансамбль республикалық шаралардың қатысушысы болып табылады, олардың ішінде: Солтүстік Қазақстан өнер шеберлерінің Астанадағы есептік концерті, 2011 жылдың қазаны; ҚР тәуелсіздігің 20 жылдығына арналған «Астана-Арена» стадионындағы театрландырылған қойылым (2011 ж. қарашасы), XIX Қазақстан халық ассамблеясы (2012 ж., сәуір), XX Қазақстан халық ассамблеясы (2013 ж., сәуір). Ансамбль Түркияда өткен «Анталия-2011» Халықаралық фестивалінің қатысушысы болып табылады, онда қазақ халқының би шығармашылығын жетістікпен таныстырған.Солтүстік Қазақстан шығармашылық делегациясы құрамында Тюмень облысының қазақ автономиясының 5 жылдығын тойлауға белсене қатысқан. Астана қ. Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған ІV Республикалық қазақ биі байқауының ІІ дәрежелі лауреаты. Қазір қайта құрылған «Мәңгілік» би ұжымына жетекшілік етеді.

М.В. Лахтин табысты балетмейстерлік қызметімен бірге қала, облыс және республика деңгейінде  бұқаралық мейрамдардың қоюшы режиссер болған. 2009 жылдан бері облыстың орталық стадионында ол «Ақ бидай» IV Республикалық ауылдық спорттық ойындардың ашылу салтанатының, Жеңістің 65-жылдығының, 2010,2011 ж. облыс әкімінің қатысуымен өткен «Түлек» мектеп бітіру кешінің театрландырылған көріністерінің көркем де қанық қойылымдарын жүзеге асырған.