Мыңжылқы Бердіқожаев – нейрохирург

2006 жылы Мыңжылкы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты болды, Ресей, Санкт-Петербург қаласындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының клиникалық ординатурасына оқуға түседі. Ординатураны сәтті аяқтаған соң, Астанаға келіп қайтадан ашылып жатқан Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта эндоваскулярлық нейрохирург болып мансабын бастады. 2008 жылмен 2015 жыл аралығында жұмыс атқарған уақытта 1500-ден аса бас миының тамырларына жоғары технологиялық ота жасады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мыңжылқы Сайлауұлы Алматы қаласына Совмин аурухананың нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі болуға шақыртылды. Соңғы үш жылда 800-ге жуық ішкі тамыр жүйелеріне қатысты ота жасалынды және Алматы қаласында инсульттан көз жұму көрсеткішін 2% төмендетті. Бүгінгі уақытта Мыңжылқы Сайлауұлының басшылығымен нейрохирургиялық бөлімдері Қазақстанның аймақтарындағы, сонымен қатар қиыр Шығыстағы дәрігерлерді оқытатын үлкен оқыту орталығы болып табылады. Мыңжылқы Сайлауұлы тұрақты түрде халықаралық конференцияларда дәріс оқиды, шет елдерге көрсететін мастер-класстарға белсенді түрде атсалысып, қатысады. Денсаулық сақтаудың магистрі және докторанты болып табылады. Әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, пікірді түрде заманауи технологияның негізінде емделушілерге кеңес беріп отырады. Талантты, емделушілерге мұқият әрі жауапты, әріптестерінің ортасында құрметке ие, отбасында үйдің үлгілі басшысы, әлемдік деңгейде мойындатқан нейрохирург.