Мирболат Тасмағамбетов – жеке кәсіпкер

Мирболат Тасмағамбетов Батыс Қазақстан облысына қарасты Шыңғырлау ауданының тумасы. Қазіргі таңда Мирболат Тасмағамбетов Белогор ауылдық округі Торатбас ауылында ірі қара, жылқы, түйе шаруашылығымен айналысатын «Жарас» шаруа қожалығына иелік етеді.

Шыңғырлау-Белогор жолымен қатынайтын ауыл тұрғындарының мәселесі көктем келген сайын қайта басталатын. Өзен арнасынан асқан кезде тоз-тозы шыққан ескі көпір арқылы көлікпен өту қиындап, өзеннің арғы жағына өтудің ыңғайлы жолы тек қайық болатын. Жергілікті жұрт жыл сайын өз беттерінше жөндегенмен, өзен арнасына түскенге дейін мәселе қайта ушыға түсетін. Аудан меценаты Мирболат Тасмағамбетов ауыл тұрғындарын уайымдатқан бұл проблеманы шешіп берді. Өз қаражатына жаңа жерден жаңа көпір құрылысын жүргізіп, жергілікті халықтың емін -еркін қатынауына мүмкіндік берді.

Шыңғырлау-Белогор жолында салынған көпір Мирболат Тасмағамбетовтың бастамасымен салынған алғашқы көпір емес. Бұған дейін кәсіпкер Торатпас ауылына апаратын көпірдің құрылысына қаражат бөлген болатын.

Сондай-ақ Мирболат Тасмағамбетов басқа да қайырымдылық бастамалардан қалыс қалмауға тырысады.