Мұрат Хасанов  - кәсіпкер 

Мұрат Хасанов 1965 жылы 20 желтоқсанда  Батыс Ұазаұстан облысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылында дуниеге келген.   Білімі арнаулы орта. 2008 жылы Орал мұнай салалық технологиялық колледжінің «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын тамамдаған. Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Қазіргі таңда «Қамқор» шаруа қожалығының жетекшісі қызметін атқарады. 2016 жылы ауыл тұрғындарына арнап, өз қаражаты есебінен 15 миллион теңгеге 300 орындық «Қожа» мейрамханасының құрылысын бастап, 2017 жылдың наурыз айынан бастап халыққа қызмет көрсетуде. Ақпәтер ауылының  17 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шағын бизнесті дамытудағы еңбегі бағаланып, аудан әкімінің құрмет грамотасы мен дипломдарымен марапатталған. 2016 жылы БҚО әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. 2015 жылы Қазталов ауданының «Жыл үздігі» атағын алған.