Мұрат Нарбеков – музыкант

Мұрат Нарбеков –Мемлекеттік «Қазақконцерт» концерттік ұйымдығының «Forte Trio» мемлекеттік триосының әртісі. 2010 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша тәмамдады.

Мұрат – әрдайым әлемдік дәстүрдегі көпшілік және жеке музыкаландыруды жүзеге асыратын талантты және келешегі бар музыкант. Ол әр түрлі жанрлармен бағыттарда жұмыс жасайды. Әртістің репертуары әртүрлі ескі композиторлардың классикалық музыкасынан, заманауи авторлардың шығармаларынан, эстрадалық стильдегі шығармалардан, халықтық әндердің жаңартылған түрлерінен тұрады. Барлық шығармаларды шынайы көңілмен орындайды, образға кірудің және харизманың жоғары деңгейіне ие. Оны шыңдалған техникасы жарқын темперамент, терең дыбыс, нәзік әуен оқшаулап, өзгеше қылып тұрады. Оның республикалық және халықаралық байқаулардағы жеңісі «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымның беделін көтерді. 2018 жылы Мұрат Нарбеков шығармашылық саласында көптеген үлкен жетістіктерге жетті. Халықаралық «Rossini International» байқауында І жүлденің лауреаты атанды. Беделді халықаралық «Citta di Pesaro» байқауында «Жеке орындаушылық» және «Көпшіліктік ансамбльінің» І жүлделі лауреаты болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты болып табылады.