Мұса Сахипов - хирург 

Көптеген адамдар үшін медицинада нағыз құтқарушы – ауыр жағдайларда өлім аузынан алып қалып, жай өмір емес, сапалы өмір сыйлайтын, мамандығын өз ықыласымен таңдаған  дәрігер. Дәрігерлік өзі де қиын мамандық, ал ол хирург дәрігер болса, бұл қиындық екі еселенеді. Хирург адам өмірі үшін мойнына зор жауапкершілік ала отырып мыңдаған емделушілерге екінші өмір сыйлайды!

Сондайлардың бірі – Мұса Меңдібайұлы Сахипов – Алматы қаласы  ДСБ-ның  №7 қалалық клиникалық емханасының  хирургия бөлімінің (гепатопанкреатобилиарлы хирургия орталығы бар) меңгерушісі,  жоғары санатты хирург дәрігер, медицина ғылымдарының  докторы, профессор, ҚР денсаулық сақтау үздігі, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының сыйлығы лауреаты, «Дәрігер» атауында Қазақстанның «Жыл адамы - 2016» атағының иегері. Мұса Сахипов практикалық қызметінде 8500-ден аса оталық әрекеттер жасаған.

Хирургтардың ота бригадасы Сахиповтың басшылығымен күрделі отаны сәтті жасаған ауыр клиникалық жағдайлардың бірі келесідей. 27 жасар жас әйел (екі баланың анасы) көршілес Қырғызстан республикасынан келіп, медицина туризмі шеңберінде  №7 ҚКЕ-ға жатқызылған. Бұрын ол Беларусь, Ресей (Санкт-Петербург) мамандарынан кеңес алған, олар аурудың асқынуына байланысты бауырды ауыстыруды ғана ұсынған. Емделушінің бауыры альвеококтан зардап шеккен (70%-дан аса). Ота 11 сағаттан аса уақытқа созылды, интраоталық қан жоғалту көлемі 150-200 мл-ден асқан жоқ (әлемнің гепатопанкреатобилиарлы орталықтарында мұндай көлемдегі әрекеттерде 7-10 лирт қан жоғалту мүмкіндігі расталады), қан және оның компоненттерін құю да жасалмады. Емделуші ота жасалған соң 15-тәулікте жазылып шықты!

Мұса Сахипов ағасының кеңесімен мектептің бастауыш сыныбынан хирург болуды армандап өскен және Ақтөбе медициналық институтының студенті болып жүргенде 4 жылға жуық хирургия бөлімінде санитар және мейіргер болып жұмыс істеп, білім мен практикалық тәжірибе жинаған.

Кәсіби еңбек қызметін ҚР Қарулы күштер қатарында әскери хирург дәрігер лауазымынан бастаған. Одан кейін Орал қаласында облыстық емхана жанындағы жедел хирургия қабылдау бөлімінде хирург дәрігер болып жұмыс істеген. 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Хирургия» мамандығы бойынша аспирантураны мерзімінен бұрын бітіріп, диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. 2004-2007 жж. аралығында А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО бауыр, өт жолдары және ұйқы безі хирургиясы бөлімінің жанындағы күндізгі докторантурада оқып, 35 жасында (2008 ж.) ТМД елдерінде ғана емес, Еуропаның да гепатопанкреатобилиарлық хирургтар қауымдастығының ең жас медицина ғылымдары докторы болды. 2006 жылы жоғары біліктілік санатын алған, 2009 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитетімен доцент ғылыми атағы берілді. Педагогтық қызметін ҚРМУ хирургия кафедрасының доценті, кейін профессоры болып жалғастырады, 2012 жылдан бастап РЖҒА шетелдік мүшесі болады.

Мұса Меңдібайұлы 2012 жылдан бастап хирургиялық және педагогикалық қызметін Алматы қ.  ДСБ-ның  №7 қалалық клиникалық емханасында жалғастырып, әлемдік хирургия жетістіктерін қаланың практикалық денсаулық сақтау саласына белсене енгізеді. №7 қалалық клиникалық емханаға құрсақ қуысы мүшелері мен гепатопанкреатобилиар жүйесінің ауытқуларын УД-бақылаумен хирургиялық емдеудің  эндовидеохирургиялық, төмен инвазиялық әдістері енгізіліп, «әдеттегі» ота түрлеріне айналды. Бұдан басқа, алғаш рет 2013 жылы Мұса Сахиповтың басшылығымен қалалық емдеу мекемелерінің деңгейінде мамандырылған бөлімше – гепатопанкреатобилиарлық хирургия бөлімі ашылып, қазірге дейін табысты қызмет етуде. Онда еліміздің түрлі аймақтары мен жақын шетелдерден емделушілер көмек сұрап келеді. Сахипов 2012 жылдан бері №7 ҚКЕ-да бауыр мен бүйрек трансплантациясының дамуына белсене және тікелей атсалысты, ол жерде 200-ден аса мүше ауыстыру жасалған. Аз ғана уақыт бұрын емделушілердің бұл санаты толыққанды өмір сүру мүмкіндігіне ие болу үшін түрлі шет елдерге баруға мәжбүр еді. Қазір бұл тектес жоғары технологиялық әрекеттердің қалалық емдеу мекемелерінде әлемдік деңгейдегі нәтижемен жасалу мүмкіндігі Мұса Сахипов секілді дәрігерлердің арқасы екені түсінікті.

Денсаулық сақтау жүйесінің басым көрсеткішінің бірі ана өлімі болып  табылады. 2008 жылдан бері Мұса Алматы қаласының түрлі емдеу мекемелерінде босанушыларға кеңес беруге, консилиумдарға, жедел және жоспарлы босануға көмектесуге және жас босанғандарды отадан кейін емдеуге  белсене қатысып, осылайша көпсалалық тәсілмен ана өлімінің едәуір төмендеуіне ықпал етіп жүр. Оның жоғары кәсіби қасиеттерін 2014 жылдан бері ҚР денсаулық сақтау субъектілеріне сараптама жасау құқығына ҚР ДСМ берген «жалпы хирургия» мамандығы бойынша куәліктің болуы растайды.

ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларын дамытуға қатысады және жас ғалымдарды кәсіби даярлауға көп көңіл бөледі. Интерн, резидент, курстант, жалпы және гепатобилиарлық хирургтар, трансплантологтарды кәсіби даярлау үшін 20-дан аса видеофильм мен ролик жасаған. 110-нан аса ғылыми жарияланымның, 9 алдын-ала патенттің, бүйрек трансплантациясы бойынша әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Сондай-ақ монография шығаруға дайындалып жүр. Бірнеше рет Ресей, Беларусь, Үндістан, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Түркияда хирургия, онкология, гепатохирургия, эндовидеохирургия және трансплантация бойынша мамандандырылу мен  кәсіби білімін арттырудан өткен.

Мұса Меңдібайұлы өзін кәсібилігі жоғары, байланысқа ашық, биік мәдениетті және белсенді өмірлік позициясы бар қызметкер ретінде танытқан. Жас ғалымдардың тәлімгері, жетінші қалалық емхананың қоғамдық жұмысына белсене араласады. Әріптестері мен емделушілері арасында лайықты құрмет пен абыройға ие.

Ол қазірге дейін елімізде денсаулық сақтауды дамытуға, Қазақстан азаматтарын сауықтыруға зор үлес қосуды жалғастырып келеді.