Надежда Капец – әнші, композитор.

Надежда Капец – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, эстрадалық вокалдың тәлімгері, Павлодар ауданындағы Розовка ауылының мәдени іс-шара ұйымдастырушысы.

2013 жылы Надежда Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжіне оқуға түседі. Оқу оқып жүрген кезінде республикалық және халықаралық вокалдық байқауларға қатысып жүрді. Мәскеу қаласында өткен «Зажги свою звезду» байқауының лауреаты әрі дипломанты болып табылады. Астана қаласындағы «Әнші әлем» республикалық байқауының ІІ дәрежелі лауреаты. Надежда Қарағанды қаласының мәдени өміріне белсенді түрде атсалысты. Өлеңдердің, әндердің авторы болып табылады.  «Почему я не птица» атты өлеңдер жинағын жазды. 2015 жылы Павлодар қаласындағы «Музыкалық колледж – музыкалық мектеп - дарынды балаларға арналған Кешенді интернат» ММ ауысты. Оқу жылдарында Алматыда, Новосибирск қалаларында өткен халықаралық байқауларға қатысып, «Эстрадалық вокал» санаты бойынша 1 дәрежелі Лауреаты атанады.

2017 жылы колледжді үздік аяқтап, туған ауылына жұмыс істеуге қайтып оралады. Розовка ауылында бойжеткен мәдени ұйымдастырушы болып жұмыс істейді, «Маскарад» деп аталатын 50-ге жуық бала баратын театрлық үйірмені жүргізеді. «Сияние» атты вокалдық топты ұйымдастырады. Сонымен қатар Павлодар қаласында өткен республикалық «Звездный листопад» вокалдық байқауының лауреаты атанған Розовка мектебіндегі 4 сынып оқушысы Кондурова Алинаға вокалдан сабақ береді. Надежда Павлодар облысының мәдени өміріне белсенді түрде қолдау көрсете отырып, өз үлесін қосуда. Аз уақыттан кейін Надежда Ұлыбританияда өтетін Халықаралық «Golden time» вокалдық байқауында біздің еліміздің атынан шығып, таныстырады.

«Негізінде ауылдық жерде еңбекақысы аз болғандықтан жұмыс істеу қиындық туғызады, бірақ маған осы жұмысым үлкен қуаныш сыйлайды себебі мен осы жерде өзімнің біліміммен, шығармашылығыммен балалармен бөлісе аламын. Мен бірте-бірте қадамдап өзімнің мақсатыма қол созып, жетудемін. Мектепті аяқтаған кезден бастап мен музыканы меңгере бастадым. Бұған дейін қарапайым ауылдық мектепте білім алғандықтан, оңай болмады. Музыкалық колледжде білім алуды армандадым, бұл мүмкін емес деп ойладым бірақ, менің қолымнан келді! Ноталық грамматикамен 17 жасымда бірақ таныстым. Ол кезде менін группаластарым оларды бала кезінен меңгеріп, игерген. Менің мақсатым Мәскеу қаласындағы байқауда жүлделі орынға ие болу еді, және мен оған жеттім, ол жақта маған серіктестіс жұмыс ұсынды, мен ол жақта білім алып, өзімнің Отанымда, өзіміздің сахнамызда өнер көрсеткім келгендіктен Қазақстанға оралдым.

«Мен біздің шоу-бизнесіміздің гүлденгенін және біз туралы баршы әлем білгенін қалаймын, мен кез келген адам биіктерді бағындыра алатынын дәлелдегім келеді. Менде біздің қаламызда, ауылда өзімнің аудиториям бар. Мен ән салғанда, көріп отырған халықтың, көрермендердің көзін қарағанда, олардың беріліп тыңдап отырғанын көру мені одан әрі шабыттандырады. Қазан айында мен байқауға қатысу үшін Лондонға біздің елімізді таныстыруға  ұшамын. Жол шығындарын өзімнің күшіммен ұйымдастырамын. Оған несие аламын және ұшамын. Ол жақта менің қолымнан келеді ме келмейді оны білмеймін бірақ мен әрдайым жақсылыққа сенемін. Армандар орындалу қажет қой, мен өзімнің арманым үшін өмір сүремін және оны ешқашан сатпаймын. Байқауда өзіңнің еліңнің қолдауын көріп, сезінгін келеді. Музыка – менің өмірім! «Не себепті мен «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының қатарына кіруге лайықтымын? Себебі, мен өзімді 21 жасымда табысты адаммын деп есептеймін, жақында жоғары білім аламын. Өзімнің еңбегімнің арқасында нені қаласам, соған жеттім. Талантымды, даусымды дамыттым. Кіші ұрпақпен жұмыс жасаймын, мен орынымда отырмаймын. Және өзімнің басты мақсатым – Еліміздің үлкен сахналарында өнер көрсетуге жетемін!» - деп, атап өтеді Надежда.