Назгүл Кенжетай – георграфиялық шекара дегенді есепке алмайтын жас журналист, журналистика ол үшін тек мамандық емес, көмекке мұқтаж жандарға қол созудың және әлемдік қоғамды олардың мәселелеріне назар аудартудың тәсілі деп біледі. Қазіргі кезде 23 жастағы халықаралық әскери корреспондент ретінде танымал, фотограф және еуропалық журналист.
Оның жұмыстары Катар, Түркия және Еуропаның т.б. елдерінде жекеменшік көрмелерде қойылды. Оның жазғандары BBC-де жарияланды. Назгүлдің айтуынша, түркиялық БАҚ оны Қазақстаннан келген ең алғашқы әскери корреспондент деп атайды екен. Ол өзінің жұмыстарында босқындардың өмір салтын көрсетеді. Назгүл БҰҰ және ЮНИСЕФ-пен серіктестік ете отырып, Түркияға және Сирия шет елдеріне бірнеше іс-сапарға барады. Бойжеткеннің айтуы бойынша оның мақсаты – соғысты қаз-қалпында көрсету, және жәбір көрген балалардың даусына айналу.
«Мені әрдайым фотожурналистика саласы қызықтыратын: осыдан бес жыл бұрын мен алғашқы фотоаппаратымды игердім, содан бері суретке түсіріп келемін. Түркияға оқуға келгенімде бұл жерде босқындардың көп екенін көрдім. Олар күніне екі доллар үшін қара жұмыс істейді. Ол ақша тек нанға ғана жетеді. Тамақ үшін жұмыс істейтіндер де аз емес. Оларға деген қарым-қатынас немқұрайлы: еуропалықтар әр басқан қадам сайын мигранттарды көріп үйреніп қалған және оларды кедей, сұрамсақтар ретінде қабылдайды. Алайда олар дәл біз сияқты адамдар, тек қиын кезеңде және соғыс өртенген жерде туған. Мен өзіме «Назгүл, сен оларға көмектесуің қажет. Журналист емес, адам ретінде. Сен оларға қалай көмектесу керек екендігін білесің, тек көмектес оларға» деп, тіл қаттым. Осыған қатысты ақпаратты құлағына да елемей, өткізіп жіберетін қоғамның назарын оларға аудартқым келді», дейді Назгүл. 
Бүгінгі таңда Назгүл Еуропадағы жергілікті агенттіктер үшін түркиялық корреспондент ретінде штаттан тыс журналист болып жұмыс істейді.
Дерек көзі: The Village