Назым Шайкенова облыстық кітапхананың дамуына зор үлес қосты, кітапхананың кітап қорын қазақ тілінде кешендеумен айналысты, БАҚ-та насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізді.

Н. Г. Шайкенованың өлкетануды наситаттауға сіңірген ең үлкен еңбегі – қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау бойынша «Тіл өнері» халықтық университетін ұйымдастыруы. Жаңа кітаптардың таныстырылымын, жазушылар мен ақындардың, актерлармен мен суретшілердің шығармашылық кешін, ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің мерейтойлық кештерін және олармен кездесу кештерін ұйымдастырды. «Павлодар өңірінің ақын-жазушылары» (1984), «Павлодар облысында аталып өтілетін және еске алынатын күндер» (1976-1992), «Сұлтанмахмұт Торайғыров» (2003) және тағы да басқа библиографиялық көрсеткіштерінің құраушысы. Кітапхана ісінің әртүрлі мәселелеріне арналған көптеген облыстық, республикалық семинардың қатысушысы. 1991 жылдан бастап, «Қазақ тілі» қоғамының басқарма мүшесі. Қазақ тілін белсенді насихаттаушылардың бірі, Қазақ тілін дамыту Президент қорының арнайы сертификатының иегері (2009). Еңбек ардагері (1990), Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің, Павлодар облысы әкімінің, қалалық мәслихаттың, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық кітапхананың алғыс хаттары және грамоталарымен марапатталған. 2008 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы сайтының «Қазақстан кітапханасында кім бар?» деректер базасына, «Павлодар өңірінің атақты әйелдері» кітапбына енді.