Николай Редченко – Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің Қарағанды қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторының полиция қызметкері

Қызмет еткен уақыты аралығында өзін сауатты және ұқыпты қызметкер ретінде  жағымды жақтан көрсеткен. Берілген тапсырмаларды сапалы және мерзімінде орындайды. Жұмыста жеке уақытымен санаспайды. Еңбекқор, тәртіпті, белсенді, бастамашыл. Үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттырумен айналысады. Мінезі жағынан байланысқа ашық, азаматтар және әріптестерімен сыпайы қарым-қатынас жасайды.

1998 жылдың 20 қарашасында Н.А. Редченко Қарағанды қаласының ІІБ ҚІБ-нің жедел уәкілі аға лейтенант Н.С. Байғасқинмен бірге сол жылы 14 қарашада ЖПБ инспекторы Мәжитовтың өліміне күдікті қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру бойынша жедел іздеу шараларын жүргізген. Операция барысында Н.С. Байғасқин басынан жарақат алып, қаза тапқан. Н.А. Редченкоға да оқ тиіп, 2 ауыр жарақат алғанына қарамастан қылмыскерлер жауапкершіліктен құтылып кетпеуі үшін қолынан келгенін жасаған.  Қазақстан Республикасы Президентінің 27.08.1999 ж. № 193 жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Батырдың айтуы бойынша, оқ атысу уақыты бір минуттан сәл ғана асқан. Қорқыныш пен жарақат ауруын сезініп те үлгермеген. Тек серігіне деген аяныштан жүрегі қатты дүрсілдеп кеткен. Николайдың айтуынша, ол ұлын полицияға бергісі келмейді. Өте ауыр, әрі кейде қайыры жоқ жұмыс.