Николай Семенович –  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

1978 жылы Қостанай педагогикалық институтын бітірген. Алғаш еңбек жолын 1971 жылы Москалевка ауылында бастаған. Кейін,Тимофеевка орта мектебіне жолдама алып, қазірге дейін қызмет етеді.  Ауылда спорт саласының жетілуіне көп үлес қосты. Бірнеше жеңіл атлетика кандидаттары мен мастерлерін тәрбиеледі. 2015 жылы Николай Семенович отбасысы «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысына қатысып, облыс көлеміне дейін шыққан. Өз мамандығының шебері,Николай Семенович 2007 жылы жазғы полиатлоннан «Қазақстан Республикасының ұлттық дәрежедегі  төрешісі» атанды.

Марапаттары:

- 1996 жылы «Қазақстан білім беру саласының үздігі»

- 2013 жылы  Алғыс хат «Қостанай облысындағы дене шынықтыру пәнін дамытқаны үшін»

- «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» президент Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.

- Қысқы ойындардың жеңімпаздарын дайындағаны үшін Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталған.

-2012 жылы 1-орын « Ең үздік қойылым ауылдағы дене шынықтыру және спорттық жұмыс үшін»

-«Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан  үлесі үшін» білім министрі орынбасарының  Алғыс хатымен марапатталған.