Нұрдәулет Әбдіраш – кәсіпкер, «AMANTA GROUP» ЖШС-ның директоры

Нұрдәулет Заузатұлы 1994 жылдың 1-ші қаңтарында Түркістан облысында дүниеге келген. Ол  2015 жылы жеке кәсіпкерлігін ашқан жас кәсіпкер. Түркістан облысының аудан ауыл қалаларына мемлекет қаржысымен немесе жергілікті демеушілердің қаржыларымен ауыл аймақтарды көріктендіріп, жарықтандырып халыққа қолайлы жағдай жасады. Елімізге танымал Kazauto автоклубына демеушілік жасап, Алматы, Тараз, Шымкент, Астана қалаларының авто сүйер жастарымен тығыз байланыста. 2016 жылы Шымкент қаласы «ЖасОтан» жастар қанатының төрағаларымен ақылдаса, «Жарқын Өмір» қоғамдық бірлестігін ашып өз қаржысымен Шымкент қаласының орталығында 22-ші наурыз мерекесіне киіз үй тігіп, мерекелік іс-шара істеп халықтың ризашылығына бөленді. 2016 жылы қала-аудандардың студенттерімен «Қазақ тілі – Ана тілі» атты және EXPO, «Биле Қазақстан», «Ата заң» т.б. іс-шараларын ұйымдастырып келді.  Мектептермен жоғары оқу орындарында жастарға психологиялық семинар тренингтер ұйымдастырып, денсаулық саласымен бірігіп, аудандарымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» атты семинарлар ұйымдастырды.

Нұрдәулет Заузатұлы 2018 жылы аулаларға төселетін материалдар шығаратын зауытын ашып, өз компаниясы «AMANTA GROUP» ЖШС-мен басқа облыстарға шығып жұмыс істеуде.