Нұрғали Ақылбеков - жас ғалым

Нұрғали Ақылбеков 1989 жылы 11 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «химия» мамандығы бойынша  бітірген, педагогика ғылымдарының магистрі. Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің аспиранты.

Нұрғали Ақылбеков еліміздің химия ғылымының дамуына зор үлес қосып келе жатқан жас ғалым. Ғылымды дамытуға, жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған жастардың инновациялық жобаларының халықаралық көрмелеріне, бірнеше шетелдік, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысып, өзінің көшбасшылығын таныта білді. Қызылорда қаласында өткен «EXPO-2017, КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК» инновациялық жобалар мен идеялар жәрмеңкесінде жүлделі І орын иеленді. 2014 жылы Қызылорда облысы әкімінің облыс жастарына арналған «Сыр Үміті» жастар сыйлығының иегері. 2017 жылы қараша айы Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығының иегері, 2017 жылы 13-15 қарашада Италияның Милано Мариттима қаласында өткен Жас Химиктер Симпозиумының (Merck Young Chemists Symposium 2017 (MERCK-2017), Milano Marittima, Italy, 2017) қатысушысы, мемлекеттік «ДАРЫН» жастар сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы өнертабыстық және инновациялық патенттері түріндегі 73 ғылыми еңбектері жарық көрді.