Нұргүл Сихаева – PhD доктор, Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдық қолданыстағы Ұлттық биотехнология ғылыми зертханасының аға ғылыми қызметкері, «Болашақ» президенттік бағдарламасымен оқыған.

Нұргүл мектеп жасынан химия және биологияға қызығушылық танытқан, бұл оның болашақ мамандығы – биотехнологияны таңдауын анықтап берген. Ақтөбе қаласының № 6 орта мектебін  «Алтын белгімен» бітірген соң, ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түскен. «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура бітірген соң Нұргүл ғылыми қызметін Ұлттық биотехнология орталығында жалғастырған. Оның генетикалық тесттер жасауда практикалық тәжірибесі бар, популяциялық генетика және адамды геномдық зерттеу саласының маманы болып табылады. Оның докторлық диссертациясы қазақ популяциясының метаболиттік ауруларының генетикалық факторларын зерттеуге арналған.

30-дан аса ғылыми еңбектердің авторы, талантты жас ғалымдарға арналған шәкіртақының иегері болып табылады. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде келесідей ғылыми-зерттеу жобаларына қатысқан: «Қазақстандағы инфекциялық аурулардың бақылау және қадағалауға арналған жоғары өтімді және тиімді технологиялар: көптік және кең дәрілік төзімділігі бар туберкулез мәселесі», «Кальций VDR және PTH гендерінің полиморфизм деңгейі мен Қазақстан әйелдеріндегі сүт безі рагі қатері арасындағы байланысты бағалау», «Егделікке қарсы бағдарламалар жасауда генетикалық тестілеуді қолдану», «Метаболиттік бұзылу және азықтық қылықпен байланысты гендер полиморфизмін анықтайтын диагностикалық жиынтықты жасау және  тексеру», «Қазақстан халқының генетикалық алуан түрлілігі негізінде жеке генетикалық паспорт жасау», Бүкіләлемдік банктің «КҒҚТ_036» жобасы, халыққа генетикалық қызмет көрсету бойынша «Ғылым қоры» АҚ жобасы.