Нұркен Якияев – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің әртісі.

2013 жылы Қазақ ұлттық өнер институтын «Домбыра» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Өнертану магистрі.

Нұркен Якияев ұлттық мәдениет дамуына үлес қосып жүрген талантты орындаушы. Әртістің алуан түрлі репертуарында ұлттық күйлер, атақты композиторлардың музыкалары мен заманауи авторлардың туындылары да бар. Нұркен Якияевтың орындаушылық шығармашылығына күйлерді орындаудағы өзіндік мәнері мен жаңашылдығы тән.  Барлық туындыларды шынайылықпен орындайды, жоғары көркемдігі мен ерекше дарыны бар. Оның музыкасы тамаша орындау техникасы, жарқын темперамент, терең дауыс және нәзік әуезділікпен ерекшеленеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің құрамында Берлин, Париж, Канн, Брюссель, Вена, Мәскеу, Пезаро қалаларына гастрольдік сапармен барған. Әртіс шетелдік гастрольдерде қазақ халқының рухани құндылықтары көрініс табатын үздік музыкалық шығармаларды орындап, сол арқылы еліміздің ұлттық музыка өнерін насихаттады.