Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы –«Оқитын ұлт» қоғамдық қозғалысын негіздеген. «Оқитын ұлт» өз жұмысын 2016 жылы қазанда бастаған болатын. Әлтаевтың сөзінше, «ұзақ уақыт кәсіпкерлікті дамыту саласында жұмыс жасаған кезде ол бизне үшін сыртқы жағдай маңызды ғана емес,  оған қатысатын адамдардың бастамаларға деген дайындығы, оқуға деген қабілеті, жаңаны қабылдай білуі де қажет деген ойлармен бетпе-бет келген. Сондықтан да бізге өз азаматтарымыздың жалпы деңгейін көтеру өте қажет. Оқу – ұлт жетістігінің кепілі».

Оқуды танымал етіп ілгері жылжытудағы проблеманың бірі – кітапханалардың жағдайы. Бұл – қорлардың толықтырылмауы, балалармен жұмыстың жеткіліксіздігі еді. Аудандық кітапханалардың проблемаларын шешу бұл жерде аса маңызды. Қазір кітапханалар көбінесе тек қалаларда ғана бар. Олардан өзге жерлерде әлде жоқ, әлде кітапхана қоры өте жұтаң, әрі ескірген болуы керек.

Нұржан Әлтаев айтады: «Ауылдарда Қазақстан халқының тең жартысына жуығы өмір сүріп жатыр. Ал еліміздің осы бөлігі қаншалықты білімді болса – біздің болашақта қалаи дамимыз деген жоспар да дәл осыған тәуелді болмақ. Біз кәсіби біліктілігі төмен азаматтардың тобын қабылдап аламыз ба, әлде оқуға ынта-қабілеттілерді қабылдап аламыз ба? Аудандық кітапханалар – осы проблемаларды шешу жолындағы ең маңызды қадам болмақ. Мемлекет тарапынан осы проблемаларды шешу жолында нақты әрекеттер қажет. Осы ретте, азаматтық қоғамның бірлесе әрекет жасауы ерекше рөл ойнайтынын атап өткім келеді. Біздің елімізде өз азаматтарымызды ағарту мәселелері ойландыратын, олардың білім деңгейін көтеруге деген шынайы қызығушылықа ие адамдар өте көп. Оларды осы міндеттерді шешу жолында тек жұмылдыра білу керек.

Сондықтан да біздің мақсатымыз – мемлекеттің қуатты қолдауымен, азаматтық қоғам тарапынан жоспарлы түрдегі әрекеттер жағдайында ауылдардағы кітапхана қорын жаңартып алу және де біздің ауыл тұрғындарының, соның ішінде ерекше жастардың таным көкжиегін кеңейту, оларға толыққанды рухани, әлеуметтік және даму мүмкіндігін ұсыну болып отыр»

Салыстырмалы түрде азғана жұмыс мерзімі ішінде «Оқитын ұлт» Сарағаш ауданы, Леңгір қаласының кітапханалары қорын толықтырды, Қосшы (Ақмола облысы) кентінде жаңа кітапхана ашты.

«Оқитын ұлт» қоғам үшін ең маңызды істі атқаруда. Білімді жаңа буын, оқуға деген қоғамның қызығушылығы – Қазақстанның болашға үшін ауадай қажет-ақ. Мемлекет басшысы біздің алдымызға қойып отырған қоғамдық сананы жаңғырту міндеті әлемдік мәдениеттің үздік образын жинақтай білген буынды талап етеді.

Қозғалыс жұмсының ерекшелігі туралы Әлтаев былай дейді: «Біз кітапханаға әр түрлі тақырыптардағы және алуан тілдердегі кітаптарды алып келеміз. Классикалық әдебиеттер де бар. Әлемдік мәдени мұраларды білу үшін жас буын классиканы – Гете, Шекспир, Диккенс, Толстойларды оқуы тиіс. Қазақ тіліндегі әдебиеттер де бар Бұл тек қана Абай, Әуезов, Майлин, Мақатаевтардыкі ғана емес,  қазақ сөз өнерінің алтын қорына енетін өзге де қаламгерлердің еңбектері. Қазіргі авторлардың да туындылары ұсынылған.

Кәсіпкерлік пен менеджмент туралы, өзін өзі жетілдіру мен тұлғалық өсу туралы әдебиеттердің үлкен қатары пайда болды.

Біз жинақтаған кітаптар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Яғни олар әлемдік мәдениеттің алуан қатпарларын жиынтықтауға, сан қырлы үйлесіммен дамуға мүмкіңндік береді».

Нұржан Әлтаев ресми түрде Қазақстан Республикасы «Атамекен» Кәсіпкерлер ұлттық палатасы басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымын атқарады. Ол агроөндірістік кешенді, ішкі және сыртқы сауданы дамыту, кәсіпкерлік саласындағы адам капиталын дамыту сұрақтарымен дамылсыз шұғылдануда. Ол білім арқылы кәсіпкерлікті дамытуға өз жұмысында ерекше күш салады. Адамдарға мүмкіндік беру, жаңа көкжиектер ашу – міне біздің басты міндетіміз, - дейді Әлтаев.

Кәсіпкерлік білім – бұл Нұржанның бойында аса мол тәжірибе қалыптасқан сала. Қазақстанда, ОҚО-да Кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің тұңғыш қанатқақты орталығы ашылған кезде оны дәл осы Әлтаев басқарған болатын. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы – бұл бизнесмендер салалар бойынша бизнес негіздерін оқудан өтетін, бизнес жоспар құруда, экспертизадан өту мен бағалау және олардың тиімділігін бағалауда көмек алуға болатын орын деген сөз.

Кәсіпкерлікке оқыту, Әлтаев өзі жақсы білтеніндей, өте таңызды міндет. Және ол осы салада көптеген жұмыстар атқарып жүр. Мысалы, оның жетекшілігімен «Кіші бизнес үшін 100 жоба» кітабы әзірленді. Іс-тәжірибе көрсеткеніндей, мұндай басылым өте тиімді болуы мүмкін екен.  Нұржан Әлтаев атап көрсеткеніндей,  Алматы облысының бір колледжі экспериментті түрде «Шағын бизнес үшін 100 жоба» анықтамалығын оқу-әдістемелік құрал етіп алған екен. Бұл бизнес жоспарларды қарап, ондағы қолжетімді бағаларды көріп, оларды өз мүмкіндігімен өлшей отырып, оқушылар ең бастысы – бизнес дегеннің әлдебір мүмкін емес нәрсе емес, әркімнің қолынан келетіндігін түсінді. Нәтижесінде, түлектердің көбі өз бетімен жеке шағын бизнесін (қызмет көрсету, сауда,азық-түлік өндірісінде және т.б. салаларда) ұйымдастыра алды.

Кәсіпкерлік білім деген не және ол не үшін қажет? Нұржан Әлтаевтың сөзі келтірейік: «Біз стереотиптерді бұзуымыз керек. Қоғамда әлі күнге дейін бизнеске деген бір теріс көзқарас бар, бұл тұтастай алғанда оның абыройы көтеруге кедергі болып отыр. «Қазақша бизнес» деген түсініктің өзі де анық жағымсыз бояулы ұғым. Сондықтанда бізге идеология және жергілікті, қазақстандық деңгейдегі кәсіпкерлік керек. Бизнес «абыройлы әлеуметтік миссияға» айналуы тиіс. Және де осыдан соң, адамдарға бизнес дағдыларын үйрету талап етілетін болады. Бізде әрдайым ықылас-ниет бар – бірақ бұл іске қалай кірісіпк ету керек деген қияли көрініс жоқ. Ұмтылысты іс-әрекетке айналдыру үшін білім, икем, дағды түріндегі «сөре» қажет, ең бастысы – өз бизнесіңді құру – шынайы мақсат екендігіне деген сенім».