Нұржан Жолдыбалинов – IT маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог

Нұржан Нұрланұлы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі.

Сонау ертедегі 1995 жылы №63 Шар мектебіне 8 разрядты «Корвет» дербес компьютерін әкелген еді, осы компьютерде жұмыс істеуге алғаш отырғандардың бірі және сабақ арасында ұрлана кіріп мұнда шұғылдануға келетіндердің бірі тоғыз жасар Нұржан Жолдыбалинов болатын. Балалық қызығушылық оның мамандығын ақпараттық технологиямен байланысты айқындап бергендей. Бұл оқиғаның әсерін толықтай бағалау үшін Нұрлан Нұржанұлы қазіргі таңда Қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық «брендті» - Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі, сондай-ақ ҚР ҰАК ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары болып табылады.

1986 жылы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. Таңдаған мамандығының барлық жолынан өткен: 2001 жылы Семей электротехникалық колледжіне «станция бойынша кезекші» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2004 жылы осы колледжде «есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағадарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқуын жалғастырады. 2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «»Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығымен бітіреді.

Еңбек жолын Қазақстанның бас кітапханасы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында бастайды. Өткен жылдан бері Ақпараттық ресурстар бойынша жетекшінің орынбасары болып қызмет істейді. Қазіргі таңда Нұрлан Нұржанұлы Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасы бірыңғай технологиялық форматында Қазақстан кітапханаларының біртұтас каталогін «ҚазҰЭК бірыңғай автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі» жұмыс үстелін құрумен айналысуда. Мұның нәтижесі Бірыңғай онлайн-каталог, Бірыңғай электронды толықмәтінді мәліметтер базасы, құжаттарды электронды жеткізу, корпоративті виртуалды анықтама қызметі және басқалардың жасалуы болып табылады.

Нұржан Нұрланұлы – IT маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог. 2016 жылы Ресей мемлекеттік кітапханасының жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім беретін оқу орталығында Жоғары кітапханалық курстан өтті.

Еңбек жолында, ақпараттық технология саласында да, кітапхана ісі бойынша да әрқашан өзінің жетістіктерімен және шығармашылық бастамаларымен көзге түсті, осы еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподақтарының алғыс хаттарымен марапатталды. «Кітапхана саласыынң үздігі» төсбелгісінің иегері. Жас та, болашағы жарқын IT- маманның, кітапханашының, біздің баршаға құрметті әріптесіміз Нұржан Нұрланұлы өз арманын өз еліме, Қазақстаныма не берсем деген оймен байланыстырған.