Олег Шмаль «Мотоклуб  Wheels Brothers» ҚҰ басшысы. Бірлестікпен жүзеге асырылатын Қазақстан үшін ерекше, ең жарқын және ең таңқаларлық жобалардың бірі – Қазақстан бойынша «Менің елім» атты жыл сайынғы республикалық автомотожорық. Мотожорық кезінде оның қатысушылары Қазақстан бойынша 40 мыңнан астам шақырым жүріп өтті. Аталып өткендей, бұл жобаға жүздеген жас адамдар қатыстырылды. Онмыңдаған адамдар бұл жоба туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан білді.

Олег Иосифович 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мотоклуб  Wheels Brothers» ҚҰ басшысы болып табылады. Алғашқы командамен мотожорық «Менің елім – Моя страна» жобасы аясында 2014 жылы жасалды. Экспедиция мақсаты – Қазақстанның тарихи орындарын көруге мүмкіндік беретін бағыттарды құру.  Экспедиция Қазақстандағы  экологиялық, танымдық, оқиғалық және экстремалды туризмді дамытуға қосқан үлес болып табылады. Осы экспедицияның қорытындысы бойынша туристер мен барлық қалаушылар мотожорық аясында сынақтан өткен бағыттармен таныса алады.

Қазақстанның әр түрлі түкпірлерінде болып келген «Wheel brothers» мотоклубының қатысушылары түрлі аймақтардағы  ерекше орындармен танысты.

Олег Шмаль 2019 жылы «Бабалар ізімен – По следам предков» атты жорық ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл идеяның мәнісі – Жаңа Жібек жолының ең ұзын бағыты бойынша Қазақстанның қасиетті жерлері арқылы Қытайдан Батыс Еуропаға саяхаттау. Бағыт шамамен 12 мың шақырымды құрайды. Жобаның мақсаты – Тәуелсіз  Қазақстан халықтарының рухани байлығы, заманауи дамуы мен мәдени-этникалық бірлігі туралы айту. Оның идеясын 2018 жылдың 23 тамызында Атырау облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев қолдады.

«Сіздің клубқа «Өз еліңді таны» үндеуімен шығу қажет. Мен бұл идеяны ұзақ уақыт бойы ойлап жүрмін», - деді Президент.