Өмірсерік Әбиев – мал шаруашылығы саласындағы кәсіпкер.

Өмірсерік Әбиев – отбасылық бизнестің жаңа бағыттарын дамытушы және жалғасырушы кәсіпкер. Даму және мал шаруашылығы бойынша«Екпін -2002» ЖШС басшысының орынбасары. Өмірсерік өзінің еңбек қызметін «Кокшетауминводы» ЖШС-де менеджер ретінде бастады. Ол сауда командасын құрды, көптеген сауда фирмаларының дистрибуцияларын алады. Логистика және жеткізу облыс аудандарындағы 100-дент астам сауда нүктелерінде жүзеге асырылады.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және отбасылық бизнес«Екпін -2002» ЖШС-нің 20 жылдығына орай Жамбыл ауданының Пресновка ауылында алғашқы «Орталық» Сауда Үйін ашты, онда 20 жаңа жұмыс орны пайда болды. Супермаркет ассортименті 12000 астам атауды қамтиды, тұрмыстық техника және дәріхана бөлімі. 2018 жылдың 22 наурызында «Орталық» сауда үйі атынан акциялар өткізу дәстүрге айналды, 2018 жылдың басты жүлдесі автокөлік болды. 2019 жылға осындай акция жарияланды. 2016 жылы «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша Өмірсерік Әбиев Еділбаев тұқымының таза тұқымды қойының 300 басын сатып алды және 30 миллионнан астам теңгеге бұрынғы «Автобаза» аумағын қалпына келтіріп, қой фермасын құрды. Ол асыл тұқымды селекциялық жұмыстарын, жасанды ұрықтандыру жұмыстарын жүргізеді. Оның мақсаты – Еділбаев тұқымының сипаттамаларын жақсартуды жалғастыру. Сатып алушылары – Қазақстан мен Ресей қой өсіретін шаруашылығы болып табылады. 2018 жылы Благовещенка ауылында ауыз су өндіру цехыіске қосылды. Жақын арада сусындар мен минералды сулар өндіру жоспарланып отыр.

Өмірсерік кәсіпкер бизнестіңбір ғана бағытымен шектеліп қалмау керек, әрдайым өз ісінің жаңа және келешекті мүмкіндіктерін іздеумен, жаңа жұмыс орындарын ашумен айналысу керек, ауданның қоғамдық саяси өміріне қатысу керек деп есептейді.