Рада Хайрушева – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі болып табылады, Халықаралық құқық қорғау орталығында кәсіби медиатор, заңгер болып жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысындағы Халықаралық құқық қорғау орталығының үздік медиаторы деп танылды.

Алты жыл бұрын Рада перинаталды орталықта егіздерімен бірге жатқан кезінде аналары тастап кеткен балаларды көрді. Ондайды ұмыту мүмкін емес. Осылайша ол жетім балаларға қамқорлық жасай бастады және «Көмек қолы» қозғалысы пайда болды, өйткені оны бей-жай емес адамдар қолдады және біздің қоғамымызда ондай адамдар көп. Олардың қызметі оқытуға, дарындылықты, қабілетті дамытуға, болашақ мамандықты таңдау бойынша кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізуге,әртүрлі мастер-класстар өткізуге, әртүрлі мамандықтағы адамдардың жұмыстары және қызметімен таныстыру мақсатында көп балалы отбасыларына, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға балалар үйінің түлектеріне, жетім балаларға арналған қалалық іс –шараларға қатысу, оқу таңдауда, болашақ мамандықты игеруде қолдау көрсетуге бағытталған. Негізгі мақсаты – жақсы, мейірімді адамдық қасиеттерді бойға сіңдіру, өзара көмек және өзара сыйластық үлгісін көрсету болып табылады. Олар жетім балаларды, мүмкіндіктері шектелген балаларды ағылшын тіліне, көшбасшылыққа, шешендік шеберлікке, алгебра, геометрия, сурет салуға, журналистика, шығармашылыққа, ал балалар үйінің түлектерін, көп балалы аналарды өз өмірлеріне және отбасыларын қамтамасыз етуге табыс табу үшін маникюрге, шаштараздық өнерге, тігінге үйретеді. Өткізілетін мастер-класстар (ағаш ою, киім жөндеу, сабын қайнату, азпаздық іс, тоқыма, тігін және т.б.) балалар өздерінің таланттарын, қабілеттілігін, бейімділігін ашып, көптеген нәрселерді өз қолдарымен жаауды, нан табуды үйренуі үшін өткізіледі.

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай және Орал қалаларында оқу орталықтары ашылып, белсенді жұмыс істеуде, сондай-ақ Астана, Теміртау қалалары тегін оқумен қамтылған. Рада Хайрушева Қазақстан Республикасындағы қайырымдылыққа қосқан үлестері үшін: қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен (04.02.2016ж.); Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С. Кульгинованың алғыс хатымен марапатталды. «Алтын жүрек – 2016» Х жыл сайынғы Ұлттық Қоғам сыйлығының лауреаты (Алматы қаласы).

Рада Хайрушева Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық аналар кеңесі төрағасының орынбасары. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы ҮЕҰ мүшесі. Облыстық балалар үйінің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Есту және сөйлеу қабілеті бұзылуы бар балаларға арналған арнай мектеп-интернатының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы.