Рахат Диянова – педагог-психолог, педагогика және психология магистрі, Қарағанды қаласы «Болашақ» академиясы «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы.

Диянова Р.Т мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде, Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» Қарағанды облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің кәсіби қызметінің жүзеге асуына, әлеуметтік қабылдауына қажетті тұлғалық қасиеттері мен кәсіби, көшбасшылық қабілеттерінің дамуына арналған құзіретті тұлға қалыптастыру курстарын жүргізеді. Диянова Р.Т конкурстық нәтиже бойынша 2017 жылы «Үздік жыл оқытушысы» атағына ие болды.

Рахат Диянова оқытуды оңтайландыру мен білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатында үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүреді. Студент өзін жайлы сезініп, жеке тұлға ретінде  дами алатын интеллектуалды білім ортасын құру – ол үшін аса маңызды міндет. Диянова Р.Т 2017 жылы Алтай Мемлекеттік педагогикалық университетінің «Білім беру және педагогика ғылымдары» мамандығы бойынша «Білім беру жүйесіндегі болашақ жоғары мектеп ұстаздарының креативтік қалыптасуы» тақырыбында диссертация қорғап, аспирантураның толық курсын аяқтады. Қазіргі таңда М.Акмуллы атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің Диссертациялық кеңесіне кандидаттық диссертациясын ұсынып, қорғауды жоспарлауда.

Диянова Р.Т  біліктілігін арттыру мақсатында төмендегі бағдарламалар бойынша бірнеше курстарды тәмамдады: 

-«Психодрама. Түстермен жұмыс (түстерді талдау)», «Отбасылық психотерапия», Санкт-Петербург, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті;

-«Эриксонов гипнозы», Алматы, Қазақстан Республикасы психологтар Ассоциациясы

-Шалва Иманашвилидің білім беру жүйесіндегі адамгершілік тұлға негіздері», Мәскеу, Адамгершілік педагогикасының Халықаралық орталығы;

-«Балаларға арналған психотерапевтік және түзету-дамыту жұмыстары барысында психодрама мен рөлдік ойындардың қолданылуы», Мәскеу, Ресей психодрама, коучинг және рөлдік тренингтер  институы;

-«Гештальт-терапия», Мәскеу, Мәскеу институтының гештальт және психодрама мамандандыруы бойынша білім беру бағдарламасы сертификаты;

Оқытушы Диянова Рахат барлық жинаған білім қорын студенттермен жұмыс барысында, дәріс және практикалық психология сабақтарында қолданады. Бұл психология саласында білім алып жүрген жастар үшін мол тәжірибе екені анық. Диянова Рахат оқытушы ретінде болашақ маманның  өзгелердің өзін-өзі тануына, жасырын таланттары мен мүмкіндіктерінің ашылуына, өзін-өзі бақылау мен стресстік сәттерді өткеруге, эмоциялық интеллектіні дамытуға дайын болуына зор үлесін қосып келеді.

Диянова Рахат жетекшілгіндегі магистранттар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтекен педагогикалық ғылымдар олимпиадасына қатысып, 3-орынды еншіледі. 

Рахат Телубайқызы дайндаған «Болашақ» академиясының күндізгі оқу формасындағы педагог-психолог мамандығы студенттері Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтында өткен Республикалық олимпиадада үздік атанып, 1-орынға ие болды.

Ғылыми жетекші Рахат Телубайқызы даярлаған студенттердің жобалары сан түрлі дипломдарға, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Рахат Диянованың өзге де жетістіктері көп. Оның 30-дан астам ғылыми мақалалары, оқу құралдары, методикалық әдістемелері және т.б жарық көрді.

2013 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай облыстық қоғамдық-саясы өміріне белсенді қатысып, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбегі үшін Қарағанды облысының Білім беру департаментінің грамотасымен марапатталды.

2014-2017 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық Бірыңғай тестілеуінің ұйымдастырылуына атсалысып, комиссия мүшесі ретінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қызмет етті. Рахат Телубайқызы бұл жылдары Ақмола облысы Ақкөл қаласында, Жамбыл облысының Жуалы ауданы орталығында, Шымкентте, Шығыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының аудан орталықтары мен ауылдарында еңбек етті. Бұл қызметі үшін Рахат Телубайқызы бірнеше рет ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Құрмет грамотасымен марапатталды.

Диянова Рахат Телубайқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеясын жүзеге асыру мақсатында заманауи білім беру технологияларын, әдістемелік идеяларды, ақпараттық ресурстар мен компьютерлік және мультимедиялық технологияларды қолдана отырып Қазақстан Жастарының санасын жаңғырту жолында  талмай еңбек етіп келеді.