Руслан Растенов – тарих мұғалімі

Руслан Растенов – №2 Бескөл орта мектебінің тарих мұғалімі, ІІІ топтағы мүгедек. Оқытушылық қызметтен бөлек Руслан Растенов спорт және вокалмен айналысады, және оларға оқушылары мен балаларын қызықтыруға тырысады. Республикалық «Теңбе-тең» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған байқауда «Мамандық үздігі» номинациясында 2-орын жеңіп алған. 2016 жылы «2016 жылы Қазақстанда жүзеге асырылған үздік әлеуметтік жобалар» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы болған.

Сондай-ақ Руслан Растенов мүгедек спортшылар арасындағы жүзуден Солтүстік-Қазақстан облысы құрамасының мүшесі, жүзуден спорт шеберіне кандидат болып табылады.  Мүмкіндігі шектеулі жандардың спардакиадасы мен ҚР параолимпиялық ойындары чемпионаттарының жеңімпазы және бірнеше дүркін жүлдегері. Облыстық мүмкіндігі шектеулі жандардың «Қайырымдылық пен түсіністікке жол ашық» фестивалінің қатысушысы мен дипломанты. «Бриз» мұғалімдер вокалдық-инструменталдық ансамблінің солисі. Руслан Есентайұлының жетістіктері республикалық және облыстық маңыздағы грамоталар және алғыс хаттармен бірнеше рет атап өтілген және «Қазақстан патриоты» естелік медалімен марапатталған.