Руслан Төлегенов – аймақтағы мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары жөніндегі қоғамдық бастаманы дамытудағы көшбасшы, Тараз қаласында орналасқан тірек-қимыл аппараты бұзылған және психикалық-неврологиялық аурулары бар адамдарға арналған «Асар» оңалту орталығы құрылысының бастамашысы болып табылады, оның негізінде жыл сайын 40 мүгедек оңалту, әлеуметтену және интеграциялаудан өтеді.

4 жыл ішінде менталды мүгедектігі бар 90-нан астам бала және 100ересек адам әлеуметтік бейімделді. «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат» мемлекеттік мекемесінің балалары үшін велосипед алуға жұмыстар ұйымдастырылды; 300 мүгедектігі бар балаларға жаңа жылдық сыйлықтар; биылғы жылы 5 мүгедекке арба, жүріс арбасы, балдақ берілді. Жас кәсіпкерлермен бірлесіп «Қайырымдылық күні» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді, онда 15 мүгедектігі бар балаларға мүгедектерге арналған арба табысталды. Қажетті дәрі – дәрмек алу мақсатында 11 мүгедектігі бар балаларға 50 мың теңге көлемінде тегін сертификат алуға көмек көрсетілді. Мүгедектерді шұғыл емдеу үшін Ақтоған (3 млн. теңге) қымбат препараты алынды, № 2 қалалық көп бейінді аурухана негізінде мүгедектерді емдеу және оңалту үшін бейімделген және мамандандырылған палаталар дайындалып, жабдықталды. 2015 жылдан бастап церебералды шалдығуы бар, аутизм ауруына шалдыққан балалар мен ересектерге арналған инновациялық оңалту иппотерапиясы ұйымдастырылды. Осылайша 200-ден астам мүгедектігі бар бала оңалту бойынша көмек алып, өз денсаулықтарын жақсартты. «Зербұлақ» ат клубының аумағында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін арнайы жағажай ашылды. 5 мүмкіндігі шектеулі тұлғаны жұмысқа орналастыру бойынша ХҚКО-мен меморандум жасалды.