Рустам Жуаспаев - жас қазақстандық  кәсіпкер, еліміздің ең озық компанияларының бірінің негізін қалаушы.

Рустам Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2009 жылы мектеп бітіргеннен кейін, АУЭС университетінің есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету факультетіне оқуға түседі. Оқуға қабылданған жас жігіт ақпараттық технологиялар саласында  кәсіпкерлік қызметке кіріседі. Досымен бірге бүгінгі нарықты басып озатын түрлі жобалармен жұмыс істеді. Олар ең алғаш Қазақстан нарығына бейімделген электрондық төлем жүйесін – PayPal  аналогын жасап шығарды. Бірақ, Қазақстанда сол уақытта электронды ақша туралы заң жоқ болғандықтан, жоба іске асырылмады.

2013 жылы Рустам IT бағытындағы  ірі  компанияда директор болып жұмыс істеді. Компания бүкіл Қазақстан бойынша және шетелде ойыншықтарды көтерме жеткізумен айналысты. Рустамның басшылығымен компания сатуды автоматтандырып, онлайн-нарыққа шықты.

Сол жылы Рустам бизнеске қайта оралуды шешті. Ол 2014 жылы соңғы ақшасына lip.kz веб-студиясын құрды. Өз біліктілігінің арқасында ол бірнеше қалаға қызмет көрсетіп, Алматы қаласының кәсіпкерлері арасында танымалдыққа ие болды. Уақыт өте келе Рустам компанияны  кеңейтіп, lip.kz студиясын Алматыдағы  бәсекеге қабілетті және ірі компанияларының біріне айналдырды.

Рустам шетелдің табысты стартап-идеяларымен шабыттанып адамдарға іскерлік тапсырмаларды сауатты шешуге көмек қолын созуды қолға алды. Осылайша, Automato компаниясының іргесін қалады. Бүгінгі таңда, Automato - прогрессивті, заманауи және амбициясы зор компания. Рустам батыл шешімдерімен жас мамандарды жұмысқа тартып, олардың алға жылжуына шабыт сыйлады. Қазір бұл комапния бірнеше ірі компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізіп жатыр.

«Automato» сияқты компаниялар нарықтың қозғалтқыштары болып табылады және Қазақстандағы IT-саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосуда.  Аutomato компаниясының АҚШ пен Сингапурдағы өкілдіктері мен филиалдары бар. Компания жаңа халықаралық нарықтарға шығуды, Қазақстанда цифрлық технологияларды дамытуды жоспарлап отыр.