Саламат Мұқашев - "Астана Мюзикл" театрының актері

Бала кезден өнерге жақын болдым. Ата-анам да талантты жандар. Ақтөбе облысында мектепті тәмамдаған соң, қаладағы агротехникалық колледжге оқуға түсіп, техник-механик мамандығын алып шықтым. Иә, дәл солай, техник-механик дипломым бар. Оқу оқып жүріп, көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрдім. Болашағымды оқып жүрген кәсібімнен емес, өнер жолынан көрдім. 2010 жылы Астана қаласында өткен республикалық Ш.Қалдаяқов атындағы "Менің Қазақстаным" байқауында лауреат атанып, алғашқы жетістігіме қол жеткіздім. Бұл жеңіс маған үлкен шабыт берді. Бұрын-соңды тамыр-танысы жоқ ауыл баласы осындай салмақты сында жеңіске жете алады деп ойламаушы едім. Бәрі де мүмкін екен! Содан өнерімді кәсіби біліммен ұштастыру мақсатында  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы музыкалық театр әртісі мамандығына оқуға түстім, - дейді актер.

Университетті тәмамдаған соң, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында жұмыс жасап, Ақтөбе жұртшылығының көңілінен шығады. "Астана Мюзикл" тетары ашылғалы бері сол жерде қызмет етіп келеді.