Сәлімхан Сәбитов – қоғам қайраткері.

Сәбитов Сәлімхан Жанатұлы – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ-нің«Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы, «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының үйлестірушісі, «Солтүстік Қазақстан облысының медиа орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры. Жоғары білім. Журналистика.

Сәлімхан – Ш.Шақшақбаев атындағы қимыл-тірек аппаратының ззақымдануы бар балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы инклюзивті мектеп-интернатының түлегі. Екінші топ мүгедектігі болғанына қарамастан, 2013 жылдан бастап жаппай әлеуметтік-мәдени іс-шаралар өткізу арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға қатыстырумен айналысады.

Сондай-ақ Сәлімхан 2018 жылы Алмты қаласында өткен «Жаңа толқын 100+» стартап жобалар республикалық байқауының, 2018 жылы Астана қаласында өткен "Жастар синергиясы" республикалық жастар форумыныңжеңімпаздарының бірі. Қазақстан Республикасында ұқсастығы жоқ «Тең жол» тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бар мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған автомектеп әлеуметтік стартап жобасының бірлескен авторы. Жүргізу бойынша курсты аяқтағаннан кейін олар жұмысқа орналаса алады, өз өзін жүзеге асыра алады және өмірде өзін таба алады. Сонымен қатар болашақта «Тең жол» автомектебінде курстан өткен, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бар мүмкіндігі шектелген адамдар жұмыс істейтін таксилер паркін ашу жоспарлануда.