Самсон Аракелян Ақтауда көше спорт түрлерін дамытып, дәріптеп жүр. Ол Маңғыстау облысы Ұлттық баскетбол федерациясының директоры, «Каспий» баскетбол клубының директоры. Жастардың бастамасын қолдайтын, баскетбол алаңдарын жасайтын, шаралар ұйымдастыратын, көше киімін тігетін «Doma Doma» брендінің негізін қалаушы.

Ол жергілікті спортшыларды дамытуға баса назар аударып, баскетболдың танымалдылығын арттырып жүр.

– Біз күштің негізгі бөлігін бұқаралық спортты  дамытуға бағыттаймыз, мысалы, балалар баскетболы, жасөспірімдер мен мектеп лигалары, даладағы баскетбол, әуесқой лигалар. Біз спорттың бұл түрі әлде де танымалырақ болып, болашақта бұқара арасынан біздің клубтың ойыншысы бола алатындай таланттар табылуы үшін бәрін жасаймыз, - дейді Самсон Аракелян.

«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылдың сәуірінде Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының тікелей қатысуымен құрылған. «Каспий» бірнеше жыл қатарынан Қазақстан Ұлттық лигасының қола жүлдегері болып, халықаралық жарыстарға аймақ атынан шықты. Клуб жұмысында жас баскетболистерді тәрбиелеуге ерекше назар аударып жүр.