Санат Сейітов – өнертапқыш

Санат Сейітов күн батареясы негізінде автономды көше жарығы мен көше, аула, көлік тұрақтарын жарықтандыратын жарық диодтарын ойлап тапқан.

«Біз электр энергиясын тұтынбай жарық диодтары мен күн батареялары негізінде жұмыс істейтін көше шамдарын жасаймыз. Шамдар автономды жұмыс істейді, оларға электр желілері қажет емес. Біз мұндай көше шамдарын тұрғын-үй кешендерінің ауласына, жеке секторларға,  Астана қаласының маңындағы елді мекендерге орнатуды жоспарлап отырмыз. Негізінен электр жабдықтауда қиындығы бар аудандарды көздеп отырмыз. Ең алдымен көше жарығы мүлде жоқ ауыл тұрғындарына көмектескіміз келеді. Біздің шамдар электр энергиясына жұмсалатын адамдардың шығындары мен қала бюджетін азайтуға мүмкіндік береді. Шамдарды орнатуға бір рет ақша құйылса, кейін тегін жұмыс істейді, себебі күн энергиясын пайдаланады», дейді жас өнертапқыш.

Санат Сейітов сондай-ақ 2018 жылы сәуір айында Минскде өткен халықаралық «ТМД-ның 100 идеясы» көрмесіне ұлттық делегация құрамында Қазақстан Республикасы атынан қатысқан (Өндірістік технология және өнеркәсіптік инфрақұрылым атауында).

2017 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «ҚР Президентінің «Болашақ»  халықаралық стипендиясының стипендиаттары қауымдастығы» БҚ-мен бірге ұйымдастырған «Жастар Отанға» инновациялық идеялар мен жобалар фестиваліне қатысқан.

2015 жылы «Changellenge» бизнес-кейстерді шешуден Қазақстан Чемпионаты аясында («Cup Kazakhstan 2015») бизнес-кейсті ең сапалы шешкені үшін «High Quality Award» арнайы сыйлығының иегері болған.