Саяхат Нүкешев – ғалым, өнертапқыш

Саяхат Нүкешев – техника ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің техникалық механика кафедрасының профессоры, техникалық факультет деканы.

Қазақстандық аграрлық мектеп тәрбиеленушісі, өнертапқыш бола отырып, Саяхат Оразұлы жер мен дәннің қамы үшін технологиялар мен құрал-саймандар жасайды. Олар шетелге де танымал. Атақты әлемдік технопарктардың бірі «Сколковода» жасалған баяндамасы өндірушілердің ғана емес, ғалымдардың да қызығушылығын тудырды. Алайда уақыт екпінін қамшылай түскен соң Саяхат Нүкешев уақытпен бірге жылжып, цифровизация негізінде нақты егіншілік элементтерін енгізумен айналысып жатыр. Саяхат Нүкешев өзінің бойында тіршілік көздеріне ұқыпты қарау мен жер практиктерінің айнымас сұранысына ие өнімділігі жоғары техника жасауды үйлестіре біледі, оның жетістігінің құпиясы да осында.

1993 жылы Саяхат Оразұлы Целиноград ауылшаруашылық институтына (ЦАШИ) ауылшаруашылық механизациясы факультетіне оқуға түседі, ондағы оқытушылардың негізгі бөлігі Челябинск ауылшаруашылық механизациясы және электрификациясы институтының түлектері еді және профессор, доценттердің оқытушылық мектебімен танылған.

Практикалық үйрену барысында совхоз механизаторы жұмысының барлық циклін өткен: егін егу уақытында машина ауласында К-700А тракторын қабылдаудан бастап, трактор, СЗС-2,1 себу агрегатын оталдыру, жөндеу, дәнді дақылдарды егу, егін егу кезінде беріліс қорабын ауыстыру, астық жинау, пішендік шөп ору, зяб жырту алдында комбайн жөндеуге дейінгі жұмыстарды атқарған. Шынайы өндірістік жағдайда дәнді дақыл өндіру/өсіру толық циклын өту оған алынған теориялық білімін бекітуге және өзін инженер-механик сезінуге мүмкіндік берді. Төртінші курстан соң кірпіш дайындаумен айналысатын студенттік құрылыс жасағын басқарады. Құрылыс жасағындағы жұмысын аяқтаған соң бас агроном, ЦАШИ түлегі  Мейрам Омаровтың шақыруымен Ақтоғай ауданының «Ақши» АШАБ-ға барады. Ол жақта ол К-700 тракторисі болып жұмыс істеген. Толыққанды теориялық және практикалық дайындығымен кілең «үздік» бағаға оқыған Саяхат Оразұлы 1993 жылы ЖОО тарихында тұңғыш рет дипломдық жобасын орысша оқығанына қарамастан мемлекеттік тілде қорғайды. Ол дипломдық жобасында толық конструкторлық құжаттамасы бар мал тоғытатын қондырғы  ұсынған. МКК шешімімен оған үздік диплом беріліп, аспирантураға түсуге ұсыныс жасалады.

1993-1995 жж. аралығында мал шаруашылығы фермаларының механизациясы кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді. 1995 жылы «Техникалық механика және инженерлік графика» кафедрасына күндізгі аспирантураға түседі. Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Жәдігер Зарлықұлы Есхожин. Тақырыбы: Минерал тыңайтқыштар қопсытқышын жетілдіру. ҒЗЖ-мен мықтап айналысып, 1998 жылы 28 жасында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің диссертациялық кеңесінде «Дән-тыңайтқыш сепкішке арналған пружиналы-тетікшелі қопсытқыш параметрлерін негіздеу» тақырыбы бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын қорғайды.

1998-1999 жылдар аралығында Саяхат Нүкешев «Техникалық механика және инженерлік графика» кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеген, одан кейін факультет деканының орынбасарлығына тағайындалған. 2001 жылдың 26 ақпанынан бері техникалық факультет деканы болып жұмыс істейді. Оның басшылығымен факультет ұжымының негізгі күші ПОҚ сапалық құрамын арттыру, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға бағытталды. Мақсатты жұмыстың нәтижесінде оқытушылық құрамның сапалық құрамы жақсарды.

ҚР БҒМ грантының 002 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасының 103 «Ғылым қоры арқылы бастамашы және тәуекел зерттеулер жүргізу» ішкі бағдарламасы бойынша «Минерал тыңайтқыштарды топыраққа сіңіріп себуге және егіс алдында жер өңдеуге арналған машинаның конструкторлық құжаттамасы мен тәжірибелік үлгісін жасау» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын басқарған (2005).

2005 жылы ол Мәскеу қ. Бүкілресейлік ауылшаруашылық механизациясы ҒЗИ-на сырттай докторантуға түседі. Ол нақты егіншілік жүйесін белсенді зерттеп және ондағы өндірістік процестерді механизациялау және автоматтандыру үшін техникалық шешімдер жасау бойынша жоба ұсыныстарын әзірлей бастайды. Жасалған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде «Нақты егіншілік жүйесінде минерал тыңайтқыштарды топыраққа саралай сіңіріп себудің механикалық-технологиялық негіздері» тақырыбына докторлық диссертациясын сәтті қорғайды (2010).

Оның негізіне GPS, ГЛОНАСС навигациялық жүйелері, геоақпараттық жүйелер серіктерін қолдана отырып нақты егіншілік жүйесінде  минерал тыңайтқыштарды топыраққа сіңіріп себуге арналған жаңа технологиялар мен автоматтандырылған техникалық жабдықтардың әзірлеме нәтижелері салынған. Оның басшылығымен минерал тыңайтқыштарды топыраққа сіңіріп себуге және топырақты егіс қарсаңында топырақ өңдеуге арналған машиналар, координаталық егіншілік жүйесінде минерал тыңайтқыштарды топыраққа сіңіріп себу технологиясы мен машинасы, минерал тыңайтқыштарды сарап қолдануға арналған  орталық себу жүйесі бар автоматтандырылған қопсытқыш - тыңайтқыш енгізгіш (ОП-8 негізінде), минерал тыңайтқыштарды көлбеу-қабаттық саралап себуге арналған қопсытқыш тыңайтқыш енгізгіш секілді технологиялар мен техникалық жабдықтар кешені жасалған. Ол тұңғыш рет әдістемелік сенімді тәжірибелік материалда Қазақстан жағдайында жаңа технологиялық принциптер бойынша тыңайтқыш енгізудің салыстырмалы бағалау нәтижелерін алған. Бұл зерттеулердің дамуы Қазақстанда ауылшаруашылық машина жасау жаңа бағытының қалыптасуына және Қазақстан АӨК-не дәнді дақылдар өндірудің экологиялық таза ақпараттық жоғары, автоматтандыру, ақпаратандыру және космостық технологиялардың жетістіктеріне негізделген технологиясын қолдануға мүмкіндік берді.

Саяхат Нүкешевке Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінде нақты егіншілік жүйесінде минерал тыңайтқыштарды топыраққа саралап сіңіріп себудің механикалық технологиялық негіздерін әзірлеу артықшылығы тиесілі, сондықтан ол белсенді түрде саралап себу мен топырақ өңдеу ғылыми негіздерін жасау бойынша жаңа жоба ұсыныстарын дайындай бастады.

Белсенді іздеулердің нәтижесінде ҚР БҒМ 055 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қабылданған жайғастыру жүйесінде тұқым мен тыңайтқыштарды саралап қолданудың автоматтандырылған технологиялық процесін бақылау және басқарудың программалық қамтамасы мен техникалық жабдықтарын жасау» (2012-2014) және «Минерал тыңайтқыштарды топыраққа сіңіріп, саралап, үш қабаттап себудің жаңа технологиясы мен техникалық жабдығын жасау» (2015-2017)  тақырыптарына гранттар ұтып алған. Нәтижесінде  нақты егіншілік жүйесінде тұқым мен тыңайтқыштарды саралап қолдануға және параллель жүргізуге арналған "Агронавигатор-Дозатор", минерал тыңайтқыштарды топыраққа сіңіріп, саралап, үш қабаттап себу технологиясы мен оны жүзеге асыратын тыңайтқыш сепкіш жасалып, өндіріске енгізілген.

Ұйымдастырушылардың өтінішімен ол Мәскеу қ. «Сколково» халықаралық ғылыми конгресінде Қазақстан Республикасындағы Smart  ауылшаруашылығының дамуы және ғылыми еңбектерінің нәтижелерін туралы баяндаған.  Қазір ол ҚР БҒМ 055 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылық дақылдарын бүркеме дақылдар астына және шымға бір мезгілде минерал тыңайтқыштарды енгізе отырып тікелей саралап  егуге арналған автоматтандырылған дән, тыңайтқыш, шөп сепкіш жасау» тақырыбына ғылыми жоба басқарып отыр (2018-2020) және «нақты егіншілік элементтерін енгізу бойынша»  мемлекеттік тапсырманы Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының пилоттық шаруашылықтарында жүзеге асыруға белсенді атсалысып жүр. Жеке және авторлас ғылыми еңбектерінің нәтижесін ол 600-ден аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінде жариялаған. Оның ішінде 4 монографиясы да бар.