Сергей Чернов - талантты жас спортшы, каратэден бірнеше дүркін халықаралық және әлемдік атақтар иегері.

Ол белсенді өмір ұстанымы бар, қала балалары және жастарымен жұмыс істеуге зор көңіл бөлетін жан. Ол жаттықтырушылық қызметпен айналысады. Жас жігіт қамқорлығындағы жастарға бұл өмірде ерінбей-жалықпай еңбек етіп, табандылық пен жігерлілік танытсаң, көп нәрсеге жетуге болатынын өзінің мысалында көрсетіп жүр. Ол 20 жасында каратэден әлем чемпионы болған Шахтинск қаласының тарихындағы тұңғыш каратист болып табылады. 2012 жылы Қарағанды облыстық каратэ федерациясының басшылығымен атқарушы директор лауазымына тағайындалған.

2013 жылы «Жастардың құрметті алтын кітабына»  «Жыл үздік спортшысы» ретінде енген; Қарағанды облысының каратэ тарихына үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталған. 2016 жылы «Шахтинск аймақтық барлық стильдегі каратэ федерациясын» құрған.

Сергей «Astana OPEN» халықаралық турнирінің 6 дүркін чемпионы болып табылады (2011-2016 жж.). Серкей ҚР Кубоктарының жүлдегері (2010-2013 жж.), ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері (2010-2015 жж.), Қазақстан чемпионы (2017 ж.), ҚР Парламенті жүлделерінің Шығыс жекпе-жектері бірінші фестивалінің күміс жүлдегері, халықаралық «Crystal cup of Taraz» турнирінің қола жүлдегері, бүкілресейлік турнирлардың бірнеше жүркін жүлдегері (2011-2012жж., Ресей), командалық Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж. Польша), екі дүркін әлем чемпионы (2013 ж., Польша, 2014ж., Португалия), халықаралық класстағы спорт шебері. Оның қара белдігі бар (1-дан). 2014 жылғы Әкімнің «Жастар» сыйлығының «Гран При» лауреаты.