Сергей Советкин - ІТ-кәсіпкер

Жас кезінен бастап мектепте өткізілген көптеген іс-шараларға қатысып, Жас Жол Қозғалысының Инспекторлары (ЖЖҚИ) жарыстарында бірінші орындарды, Бастапқы Әскери Дайындық бойынша жарыстарда жүлделі орын иеленді;  Астана қаласы бойынша өткізілген жарыста 2 орын алып, 2004 жылы  Республикалық жарысқа қатысты.

Студент кезінде университет өміріне белсене қатысты:

2012 жылы - Информатика бойынша Республикалық конференцияда 3 орын иегері,

2013 жылы - Сейфулин оқуларында 1 орын иегері атанды.

Университетте 1 курстан бастап мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, веб-сайттардың іздеу жүйелеріндегі позицияларын жоғары деңгейлерге көтерумен айналысты. Сол жылы Астананың IT қауымдастығын дамыту мақсатында өткізіліп тұрған қалалық IT шараларда сөз сөйлей бастады.

Үздіксіз жан-жақты дамудың арқасында бір жылдың ішінде университеттегі оқуын жалғастыра отырып, жалдамалы қызметкер болып жұмыс істейтін жарнама агенттігінің филиалын басқарды.

2013 жылы өзінің Digital жарнама компаниясын (Kvadra.kz) ашты, 2017 жылы компания Google Partner мәртебесін алды.

2013 жылы студенттерді жұмысқа қабылдап, комерциялық жобалар мен стартаптарды іске асыра бастады.

2014 жылы Қазақстан бойынша барлық стартаптарды біріктіруге мүмкіндік берген  Startuper.kz тұңғыш краудфандинг платформасын қалаушылардың бірі болды.

2014 ж. «Астананың инновациялары»  атты Республикалық конкурста «Мини АТС» hardware жобасымен қатысып,  екінші орын алды. Жүлде қорын ұтып, жоба үшін 9.000.000 тг.  грантты алды. Жоба іске асырылды.

2015 жылы Орталық Коммуникациялар Қызметімен бірлесе отырып, Қазақстанның аймақтарында жастарды веб-сайттардың іздеу жүйелеріндегі позицияларын жоғары деңгейлерге көтеру бойынша тегін семинарлар мен тренингтер өткізді.

2016 жыл - Қазақстан бойынша алғашқы мотоцикл маусымының ашылуының ұйымдастырушысы. Ашылудың мақсаты - адамдарды автокөліктер мен мотоциклдер тарихымен таныстыру және барлық жол пайдаланушыларды қоғамдық жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін біріктіру.

2016-2017 жылдары “Ақниет” қайырымдылық қорымен ынтымақтастықта болды.Интернет арқылы көмек берілетін адам санын көбейту мақсатында өз ақшасы үшін ай сайын фондтың жұмысын дамыту мақсатында Интернет жүйесінде жарнама кампанияларын өткізіп тұрды.(“Ақниет” қоры 2013 жылы 24 маусымда Астана қаласында әлеуметтік, денсаулық, мәдени, білім беру және басқа да әлеуметтік мақсаттарға жету үшін құрылған.)

 

2016 - 2017 жылдары «Келешек» психологиялық орталығында психолог мамандығын меңгеріп шықты. Ол облыстарда мұғалімдер үшін мектептердегі жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша семинарлар өткізді.

Ол «көк кит» топтарының құрылуымен байланысты балалардың өз-өзіне қол жұмсауын болдырмау мақсатында өңірлердегі ата-аналар үшін дәрістер өткізді. Барлығы Қазақстанда балалардың өз-өзіне қол жұмсауды алдын-алу туралы дәрістерін мыңнан астам ата-ана тыңдады.

2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі волонтерлерді оқыту бойынша жетекшінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылы ол университеттің даму қорына (жетім студенттерге көмек көрсету)  қосқан үлесі және көрсеткен қасиеттері  үшін ҚазАТУ-дан 2 алғыс хат алды.

Сергей Советкин және kvadra.kz компаниясы жыл сайын ҚазАТУ студенттері үшін IT тақырыптары бойынша тегін оқыту өткізеді, IT - мамандарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі бойынша университетпен тығыз жұмыс істейді.

Басқа авторлармен бірігіп «Web Frankenstein» деген интернет-маркетинг бойынша кітап жазды, кітап тегін түрде pdf форматында таратылады, Қазақстандықтарды интернет-маркетинг саласын оқытуға, Қазақстанда және одан тыс жерлерде өздерінің өнімдері мен қызметтерін жылжытуға, дамытуға бағытталған.

2018 жылы Kvadra.kz компаниясы “Павлодар” арнайы экономикалық аймақ” жобасы бойынша әлемдік аренада инвестицияларды тарту және халақаралық компанияларды Қазақстан территориясында орналастыру мақсатында жұмыс істей бастады, 2018 жылы Гонконгтағы «token 2049» деп аталатын криптовалюталар бойынша конференцияға қатысып, Бангкокта  инвесторларға  блокчейн технологиясы негізінде жасалған  жоба ұсынды.

2018 жылы серіктесімен бірігіп Белорусь Республикасында “Белорусь Республикасының Блокчейн Технологиялары Ассоциациясы” қабылдаған компания ашты, бұл компания  Қазақстан мен Беларусь Республикаларының мамандары арасында Blockchain технологиясы бойынша тәжірибе алмасуға шақырады, бұл Қазақстанда озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға қатысқандар:
Попков Сергей Петрович, Беларусь Республикасының Байланыс және Ақпараттандыру министрі;  Калинин Анатолий Николаевич, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Тұяқов Дарын Шылбынұлы, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс вице-министрі; Сергей Советкин, Digital Contracts Group өкілі; Нұриддин Насреддинович Мухитдинов, Байланыс саласындағы аймақтық достастық комитетінің атқарушы комитетінің бас директоры.

2018 жылы Social Lift жобасымен Astana Hub резиденті атанды. Жоба бизнес және қоғамдық жобаларды біріктіру үшін құрылған. Social Lift ХХІ ғасырда қазақ қоғамы тап болған  маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі: ағылшын тілін азаматтарға оқыту, жаңа кәсіптерді оқыту және тағы басқалар.

2018 жылы Сергей Советкин “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасын насихаттауға қатысады.

Сергей Советкин өз YouTube арнасын жүргізеді, арнада мыңдаған адамдар көретін видеоларда пайдалы ақпартпен бөліседі. Хабар арнасындағы “Давайте говорить” бағдарламасына 4 рет қатысып сөз сөйледі және де басқа каналдарда да қоғамдық маңызды тақырыптарға ой бөлісіп, бірнеше сұхбат берді.