Шолпан Досмахамбет – инженер.

Халықаралық деңгейдегі инженер болып табыламын. Қытай мұнай университетін тәмамдадым. Студенттік жылдарымда «Жас Қыран» (Пекин) елшілігінің  ұйымдығында мүше болдым, Қытай компаниясында ТМД елдерімен техникалық әріптестік бойынша ғылыми-техникалық кеңесші болып жұмыс атқардым. «Технологияны дамыту бойынша Ұлттық агенттік» АҚ жұмыс істеймін. Қазақстанда инновацияны дамыту жөніндегі бағытпен айналысамын. Акселерациялық Technation, Инновациялық Конгресс Techconect, TechSuccess Stories т.б. бағдарламалық жобалардың бас ұйымдастырушысы болып табыламын. Сонымен қатар еліміздің инновациялық экожүйесін дамыту мен қалыптастыру жұмысымен айналысамын және шет елдерге біздің пилоттық бағдарламаны енгізіп, кіргізуді жүзеге асырамын.

Технологиялық кәсіпкерлердің арасында құзыреттілікті жоғарылату жұмысын атқара отырып, Қазақстанның стартап мәдениетін қатты дамытқым келеді. Сондай-ақ өзім Қазақстандық бренд AWSM киім дүкенінің негізін қалаушы боламын, біздің өндірісіміз толығымен Қазақстанда жүзеге асырылады. Өнім еліміздің 5 қаласында іске асырылуда.