Станислав Фалежинский –жаңашыл тифлопедагог

Станислав Фалежинский - дефектолог, инклюзив білім беруді дамыту саласының маманы, зағип жандармен жұмыс жөніндегі әдістемелер мен білім бағдарламарының авторы, көз көруі қатты бұзылған ересектер мен балаларға компьютерде жұмыс істеуді үйрететін бірегей маман.

Станислав Андреевич зағип балалар мен ересектерге компьютерде жұмыс істеуді үйретумен, мемлекеттік білім бағдарламаларын көз көруі бұзылған адамдарға бейімдеумен айналысады, Қарағанды облысының білім басқармасына тифлотехника және тифложабдықтар таңдау жағынан кеңес береді. Заманауи білім беру жүйесінің талаптарына сай зағип оқушыларға программалау мен робототехниканы оқытады. Ол қызметін 2004 жылы бастаған және бүгінде Республикадағы алдыңғы қатарлы тифлопедагог болып табылады. Мамандандырылуы зағип адамдарды әлеуметтендіруге, оларда компьютерлік, ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру, кедергісіз ақпараттық орта жасауға бағытталған. Ол сондай-ақ инклюзив білім беру мәселесі бойынша практик болып табылады және оған ерекше көңіл бөледі.

Педагогикалық қызмет жылдарында Станислав Андреевич облыстың көптеген коррекциялық ұйымдарымен жұмыс істеген. Мысалы 2006-2010 жылдар аралығында «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің  Қарағанды облыстық басқармасының жанында зағип және нашар көретін азаматтарға компьютерлік сауаттылық курстарын өткізген. 2008-2015 жж. Қарағанды облыстық зағип жандарға арналған арнайы кітапханада педагог-реабилитолог болып жұмыс істеген. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қарағанды облысының көзі көрмейтін мүгедектеріне «Демеу» балалық мәселелер жөніндегі үйлестіру орталығы» ЖКМ атынан компьютерлік сауаттылық курсын өткізген.

Жұмыс істеген уақытында Қарағанды, Шахтинск, Абай, Топар қалаларының зағип жандары оқытылды. Бұл ретте маманның негізгі жұмыс орны «№ 1 облыстық көз көруі бұзылған балаларға арналған  арнайы мектеп-интернаты» КММ болып қала береді. Себебі балалар – еліміздің болашағы. Ал Станислав Андреевич оның төлектері заманауи қоғамның толыққанды мүшелері екендігін және жоғары оқу орындарында (сондай-ақ шетелде де)  оқи алатындарын, бәсекеге қабілетті, атап айтқанда, программалау, көз көруі бұзылған адамдарға кедергісіз ақпараттық орта жасау, ақпараттандыру және т.б. салаларда маман бола алатынын  дәлелдеген.

Педагог үнемі кәсіби шеберлігін арттырып отырады. 2011 жылы Республикалық білім беру жүйесінің басқарушы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институтының өкілдерімен бірге Қарағанды облысы педагогтарына «Білім беру ұйымдарында электронды оқыту жүйесін (E-learning) ұйымдастырудың технологиялық аспектілері» курсын  оқыту бойынша тәжірибе таратуға қатысты. 2016 жылы бірнеше кәсіби байқауларға қатысты: «Жылдың үздік мұғалімі» облыстық байқауында ІІІ дәрежелі диплом иегері болды, «Педагогикалық идеялар фестивалінің» облыстық кезеңінде жеңімпаз болды, ҚР білім және ғылым министрлігінің «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауына қатысты. 2009 жылы Облыстық «Үздік коррекциялық мектеп-интернат мұғалімі» байқауында Гран-при жеңіп алды, 2011 жылы Алматы қ. өткен IV Республикалық информатика мұғалімдері арасында «Алтын диск» байқауында жеңімпаз болды.

С.А. Фалежинский көз көруі қатты бұзылған оқушыларға арналған «Информатика» пәнінің (5-10 кластар)  авторлық бағдарламаларының және «Дербес компьютерді жөндеу және жаңғырту» элективті курсының әзірлеушісі. Әр бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені бар. Ол «Базовый курс информатики. Практикум» электронды оқулығын, Брайль жүйесі бойынша информатика оқулығын (5 класс), III және IV төртінші түрлердегі коррекциялық мектептің информатика мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар жасаған. 2013-2014 оқу жылында «Көз көруі бұзылған балаларға арналған информатика (2-4 класстар)» авторлық эксперименталдық бағдарламасының сынағын жүзеге асырды. 2014-2015 оқужылында «Информатика сабағында көз көруі бұзылған балаларды оқытуда жеке дара тілін табуды жүзеге асыру барысында түрлі деңгейлі тапсырмаларды қолдану» педагогикалық экспериментін өткізіп, қорытындылары бойынша облыстық және республикалық басылымдарда бірқатар жарияланымдар шығарды. 2016 жылы  ӘБЕО орталығының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған «Зағиптарды оңалтудың техникалық жабдықтары: оқыту, жұмысқа орналастыру, бейімдеу» шеберлік сыныбына қатысты (Алматы қ.). Бірнеше рет Қарағанды облысының білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.  2012 жылы І Қарағанды облысының жас кітапханашылар форумының инновациялық жобалар байқауында «Көз көруі қатты бұзылған оқырмандардың ақпараттық кедергіні жеңуі» авторлық әзірлемесімен жеңімпаз болды және үздік «Көшпенділердің ұлы шайқастары» бук-трейлері үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың арнайы сыйлығына ие болды.  2015 жылы Абай Құнанбаевтың 170-жылдығына орай Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК өткізген облыстық «Дананың сөзі – ақылдың көзі» кітапханалық блогтар байқауында лауреат атанды. Аталмыш байқау аясында «Интернет қолданушылармен белсенді диалог үшін» алхыс хатқа ие болды. Станислав Андреевич көз көруі қатты бұзылған оқушыларды әлеуметтендіруге арналған ғылыми мақалалардың авторы. 15 жылдық педагогикалық өтілінде Станислав Андреевич өзін тамаша маман және өз ісінің шебері ретінде көрсетті. Бүгінде маман көз көруі бұзылған  балалармен жұмысын жалғастыруда.