Светлана Кондратова - сурдопедагог

Заманауи сурдопедагогика, аудиология, коррекциялық процес принциптерін, мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру формаларын білу және есту мүкістігі бар балалардың есту арқылы қабылдауын дамыту және дұрыс сөйлеуін қалыптастыру процесінде инновациялық технологияларды (мультимедиалық презентация, есту-сөйлеу тренажерлары, аудиовизуалды курс элементтері) қолдану «Есту мүкістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (коррекциялық) мектеп-интернат» КММ сурдопедагогы Светлана Юрьева Кондратоваға 2014 ж. «Өрлеу» ҰБАО» «СҚО бойынша ПҚ БАИ» бөлімшесінің кәсіби байқауында жеңіске жетуге ықпал етті. Ол институттың Педагогикалық алаңында белсенді түрде әріптестерімен білімі мен тәжірибесін бөліседі. Сурдопедагог есту мүкістігі бар балаларды оңалту үшін жоғары технологиялы есту протезі – кохлеар имплантациясын қолданудың маңызы зор деп санайды. Ол туралы мақалаларында жазып, республикалық семинарларда есту-сөйлеуді оңалту және инклюзив білім берудің өзекті мәселелері жөнінде хабарламалар жасайды.

Ғылыми-практикалық семинарларда кәсібилік деңгейін арттырып жүр, мысалы «Кохлеар имплантациясы – есту мүкістігі бар балалар мен ересектерді оңалтудың заманауи құралы ретінде» (Астана қ., 2014 ж.), аймақаралық (халықаралық қатысушылармен) «Есту мүкістігі бар балаларды рухани-өнегелік және патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелері» ғылыми-практикалық конферениясы (Энгельс қ., РФ, 2015 ж.), сондай-ақ Германия, АҚШ, Ресей, Армения мамандарымен бірлескен «Пора!» онлайн вебинарларына қатысқан.

Сурдопедагогтың 17 жылдық кәсіби дамуының нәтижесі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бастамасымен Мемлекеттік тапсырыс аясында ұйымдастырылған Мемлекеттік кохлеарлы импланты бар балалардың есту-сөйлеуін оңалтудың көшпелі жұмыс тобының құрамына кіргізілуі болып табылады (Петроавловск қ., 2016 ж.).   

Сурдопедагог «Есту мүкістігі бар балалардың даусымен сараланымдық ыңғайды ескере отырып жұмыс істеу ерекшеліктері» тәжірибесін талдап қорытқан.