Талғат Керімбаев – нейрохирург

Талғат Керімбаев – Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығының жұлын нейрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі. Мамандығы бойынша нейрохирург. Өзінің тәжірибесінің арқасында үздік нейрохирургтар командасының және жаңартылған технологиялардың арқасында Талғат Керімбаев ең қиын деген диагнозбен келген емделушілерді аяғынан тік тұрғызады.

Ол Қазақстан Республикасындағы жұлын нейрохирургиясының негізін қалаушы болып табылады. 10 инновациялық идея патенттерінің авторы. 30 заманауи шағын инвазивті технологияларды құрастырушы. Жыл сайын кранивертебральді патологиясы бар жұлын миына 350-ге жуық аса күрделі ота жасайды. 2000 жылы Талғат Тынышбайұлы кандидаттық, 2009 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 2010 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған. 2013 жылы ғылым және техника өнеркәсібінде жеткен ерекше жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығымен және «Еңбектегі жетістіктері үшін» арнайы медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ғылым мен техникала саласына енгізген инновациялық әдістерімен жаңа жоғары технологиялары үшін, нейрохирургия саласы бойынша арнайы сыйлықпен және ерекше үлгідегі медальмен марапатталған. 2014 жылы «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» медалімен, 2016 жылы «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.