Талғат Құтбай  – мұнай-газ саласының менеджері

Талғат Құтбай – жас, талантты және өршіл патриаттордың бірі, 30 жасында Теңіз мұнай-кен орнында жобалар әзірлеуде үлкен нәтижелерге жеткен.

Ол Қазақ-Британ техникалық және Майами университеттерін бітірген, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс ғылымының бакалавры, мұнай-газ секторын басқару бойыннша Іскерлік әкімшілік магистрі (МВА) дәрежелері бар. Ол үнемі жобаларды жүзеге асыру қызметіне икемді болатын. Бар уақытын осы пәнге көңіл бөлуге және осы салада білімі мен дағдыларын дамытуға жұмсаумен өткізетін. Оның тиімді және адал жоба басқарушысы болуға деген ниеті оның басты байлығы болып табылады және бұл оның жетістіктерінен көрінеді. Ол Қазақстан бөлімшесінің PMI жобаларын басқару институтының Атырау филиалының атынан жоба менеджменті көшбасшыларын дамытуға қатысып, жобаларды басқару дағдыларын арттырды. Астанада ТШО мен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қауымдастығымен бірге бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып, ұйымдар мен түлектерді жұмысқа алу арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етті. Қазіргі уақытта ТШО-да 300-ден аса «Болашақ» бағдарламасының түлектері жұмыс істейді. ТШО-да ол Теңіз кен орнында құрылыс инженері болып жұмыс істеуден бастады және КТЖ және ЕБЗ зауыттарына қолдау көрсетті, онда ол көп миллиондық жобалардың орындалуына жауапты болған. Сол уақыт аралығында жобаларды мақсатты шығындар, кесте және қауіпсіздік шеңберінде  пайдалы және табысты басқарғаны үшін салмақты атаққа ие болды. Алдыңғы жобаларда көрсетілген тәжірибе мен нәтижелілігінің арқасында ол ұңғымаларды жайластыру бойынша жоба командасын басқаруға тағайындалды. 2018 жылдың 3-тоқсанында ол инновациялық шешімдерді қолданып, жұмысты қарапайымдандырып және баға тәртібін қолдай отырып 9 ай ішінде 4 миллион доллардан аса үнемдеп, үлес қосты. 

 ТШО сияқты табысты компанияда жұмыс істеу және қолдау ол үшін үлкен құрмет. 25 жыл бойы ТШО мұнай және газ нарығында көш бастап келеді. ТШО-ның өнімділігі бұл уақыт аралығында 30 есе артты. Былтыр ол құрылғаннан бастап өндірілген мұнай көлемі 3 миллиард баррель болатын  тарихи шекке жетті. Құрылған сәтінен бастап компанияның Қазақстан Республикасының экономикасына үлесі 126 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл жетістікке күн сайын қауіпсіз және сенімді өндірісті қамтамасыз етуге бар күшін салатын Талғат Құтбай секілді талантты да адал инженерлерсіз жету мүмкін емес еді. Бұл маңызды жетістік аясында ол қажымас қызметі үшін, жұмысы үшін марапатқа лайық деп танылды. ТШО мұнай-газ бизнесінде жоғары стандарт бренді мен символына айналды. 25 жыл ішінде түрлі салалардың он мыңдаған жас жұмысшыларын, мамандарын және менеджерін үйретіп шықты. Талғат енді ТШО-ның өндірісін кеңейтуді жүзеге асыруға сенімді тәжірибесі мен мүмкіндіктері бар деп есептейді және бұл Болашақ кеңейту жобасына да қатысты (БКЖ). БКЖ – бүкіл әлемдегі осындай қиын қаржылық уақытта орындалып отырған мұндай көлемді әрі күрделі жалғыз жоба. Сол себептен ТШО-ның негізгі мүдделі тараптары – Қазақстан мен оның серіктестері оған үлкен көңіл бөледі.

Талғат Құтбай 2018 жылдың шілдесінде болған соңғы ТШО серіктестігі кеңесіне қатысып Chevron, KazMunaiGaz, LukArco және ExxonMobil алдында БКЖ шеңберінде жаңа ұңғымалардың қосымша санын бұрғылау қажеттігін баяндады. Бұл жергілікті тауар, қызмет және жұмыс орындарын пайдалану, жұмысшыларды оқыту бағдарламалары, елге жаңа мұнай кәсіпшілігі технологияларын енгізу, жергілікті кәсіпорындардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңейту есебінен Қазақстанға пайда келтіреді. Бұл қазір еліміздің үшінші жаңғыру жағдайында төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізуде аса маңызды. Талғат БКЖ жобасының Отанымызға үлкен пайда әкелетін ұлттық маңызы бар болғанын мақтаныш етеді. Бұл мұнай өндіруді жылына 12 миллион тоннаға арттырады деп күтілуде, нәтижесінде ТШО өнімділігі жылына 39 миллионды құрайды. Ол әрқашан жаңа мүмкіндіктер іздеді. Осы жолда жұмыс процестерін тезірек, арзанырақ, сапалырақ және қауіпсіздеу жасау арқылы жақсартатын «Lean Sigma» әдістемесін үйренуге шешім қабылдады. «Lean Sigma»-мен бірге ол ұңғымаларды жобалау және салу ұзақтығын тиімділейтін команданы басқара бастады. Содан бері оның командасы мерзімдерді қысқарту және ұжымдық жұмысты ынталандыруға қол жеткізді, синергия әсеріне түсіп, ортақ ойлылық көрсетті. Жақында ол уақытты басқару дағдыларын үйренді. Талғат толық өзін-өзі таныту мен жеке әлеуетін ашуға жетелейтін бағытты таңдайды. Ол үшін жетістік дегеніміз – кешегі өзінен мықтырақ болу.