Талғат Рамазанов – кеме жасаушы

Талғат Рамазанов – «Казмортрансфлот» ҰТКҚК» ЖШС-да жұмыс істейді, теңіз кемелерін жасаумен айналысады. «Менің жолым бейнет пен қызыққа толы болды. Алдымен «Болашақ бағдарламасы» бойынша Мичиган университетінде (АҚШ, Мичиган шт., Энн-Арбор қ.) «Кеме жасау және теңіз инжинирингі» мамандығының магистрастурасын бітіргенімнен бастайын. Бұл Қазақстан Республикасында өте сирек кездесетін және келешегі зор инженерлік мамандық. Сонау 2009 жылы, оқуды бастамай тұрғанда мен Қазмұнайгазда Каспий және ашық теңіз арқылы теңіз тасымалдауын жүзеге асыратын жалғыз ЕТҰ бар екенін достарымнан естігем. Сол кезде АҚШ-та оқу бітірген соң «Казмортрансфлот» ҰТКҚК» ЖШС-ға жұмысқа орналасуды мақсат қылдым. Қазақстанға орала салысымен жұмыс іздеуді бастадым. Содан бері 3 жылдан аса «Казмортрансфлот» ҰТКҚК» ЖШС-да жұмыс істеймін және Ақтау қаласында тұрамын. Компаниямыздағы кемелер жасаумен байланысты ең қызықты жұмыспен айналысамын. Мен әлемдегі ең ірі жобалардың бірі ТШО БКЖ-ға (ТОО «Тенгизшевройл» Болашақ Кеңейту Жобасы) қатысып жүрмін. Жоба шеңберінде мен КМТФ кемелерінің жасалуын бақылау тобымен әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істеп, баға жетпес тәжірибе жидым. Мен кемелер жобалау және жасауға, Каспий теңізіне кемелерді сүйреу және Баку қ. толық жинау бойынша бірегей жобаға қатыстым. Бұл жобаға қатысқан 2 жыл ішінде компаниямызда менің қатысуыммен 6 бірінші классты кеме жасалып, Қазақстан флотын толықтырып, еліміздің игілігіне жұмыс істеп жатыр. Сондықтан мен бұл жобаға және компаниямыздың болашағына үлес қосқаным үшін өте қуаныштымын. Мен дәл осы жерде, дәл қазір сүйікті жұмысымды істеп, флот құрып, түрлі жобаларға қатысып, көп нәрсе үйреніп, тәжірибе жиюыма көмектескен Алла тағалаға, тағдырыма, адамдарға шексіз ризамын. Біздің компания мен  Қазақстанның теңіз саласын зор жарқын болашақ  күтіп тұрғанына сенімдімін!