Таңсәуле Серіков – оқытушы

Мен, Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы, Қарағанды қаласының тумасымын, жасым 36-да, үйленгенмін, үш балам бар. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде қызмет атқарамын, ғылыми дәрежем доцент. Бәрі тамаша болар еді, егер аяқ ампутациясы бірінші топ мүгедегі болмағанымда. 2016 жылы «Бюргер ауруы» (аяқ тамырларының қабынуы) диагнозы қойылды. Екі жыл ішінде Қазақстан мен Ресейдің бірнеше клиникаларында қажетті емнің барлығын алдым, 18 ота жасалды. Өкінішке қарай, менің аяқтарымды сақтап қала алмады, аяқтарымды кесіп тастауға тура келді. Дегенмен болашаққа деген үмітім үзілген жоқ, ІТ-технология саласында ғылыми жұмыстармен айналысамын. Мүгедектер арбасында отырып, докторлық диссертациямды қорғадым. PhD докторымын. 20-дан астам мақаланың, ғылыми еңбектердің және монографиялардың авторымын. Аяқтың жоқтығы, үкім емес екеніне сенімдімін, оны сынақретінде қабылдап, болашаққа ұмтылу керек. Мүгедектігіме қарамастан, мен тасада қалған жоқпын. Мүгедектер арбасында отырып-ақ, Қазақстанның өскелең ұрпақтарына Қазақстанның 4 жоғары оқу орнынан алған білімімді және «Қазақтелеком» АҚ қабырғасында қызмет еткен 12 жылда жинаған тәжирибемді беріп, бөлісіп келемін.