Тілектес Адамбеков – кәсіпкер

Тілектес Адамбеков - Cascadia Consumer Electronics Corporation компаниясының бас өкілі, президенттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Шанхай қаласындағы Тонгдзи (Tongji University)  университетінде телекоммуникация мамандығы бойынша білім алды. Оқуды аяқтаған соң, Қазақстан-Қытай «Жібек жолы» Ынтымақтастық Орталығының  бас директоры болып істеді. Аталған компанияда қызмет атқара жүріп Тілектес Адамбеков Қытайдан инвестициялар тарту, бизнес-туризм, білім, бизнес-кеңес беру, аудармашылық қызметтер сынды  бағыттағы жұмыстармен айналысты. Қазақстанның қалаларының және облыстарының әкімдері үшін Қытайдың ірі корпорацияларымен және ҚХР-ның үкімет өкілдерімен іс-сапарды өзі ұйымдастырады. «Astana Innovations» АҚ инвестиция жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды, Астана қаласындағы Инвесторларға қызмет көрсету Орталығының жұмысына жауапты болды, инвестициялық жобалардың жасалуы мен жүзеге асырылуына жауап берді. «Astana Invest» «Қалалық инвестицияны дамыту орталығының» бас директорының орынбасары қызметінде инвестициялық жобалардың жасалуы мен жүзеге асырылуына, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына, инвестициялар тарту, инвесторларды сүйемелдеу, Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімдеріне CRM жүйесін енгізу сынды мәселелерге жауапты болды.

2018 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық құрылығында Канадалық CASCADIA CONSUMER ELECTRONICS CORP компаниясының бас өкілі болып табылады. Компания Блокчейн технологиясын енгізумен айналысады. Негізгі жұмысынан басқа Қытай аумағындағы талдаушы болып саналады. Қазақстанның ең үздік университеттерінде қонақ ретінде дәріс оқиды. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының степендиаттар қауымдастық кеңесінің мүшесі болып табылады, сондай-ақ Қытаймен кәсіпкерлік қарым-қатынас құру жөніндегі сарапшы. Жекеменшік компаниялар үшін кеңес жүргізеді. Қазақстанның мемлекеттік және жекеменшік ЖОО (ҚР Президентінің тапсырмасымен ашылған Мемлекеттік басқару Академиясы, ҚазМУ, ҚАЗХТУ және т.б) шәкірттері үшін қытай халқының мәдениеті, психологиясы, кәсіпкерлігі туралы дәріс оқиды. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде еркін сөйлейді.