Тимур Жұмырбаев – қоғам қайраткері

Тимур Жұмырбаев – Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" Республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы, студент.

Қазақстан халық ассамблеясы жастар қанатын дамытуға белсене атсалысады. Бүгінде ол республикалық жастар ұйымдарының ең жас басшыларының бірі болып табылады.

Тимур Жұмырбаев 1998 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Мектеп оқушысы кезінен о өз аймағының тарихи мұрасын жинау мен сақтау жұмыстарымен белсенді айналыса бастаған. 6-сыныпта Жезқазған қаласының алғашқы басшыларының өмірбаянын зерттеу және зерттелген материалдар негізінде жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру жөніндегі ғылыми-зерттеу жобасының авторы болған. 9-сыныпта құрастырған өлкетану бойынша таңдау курсын жариялау Тимур Жұмырбаевтың келесі қадамы болды. Бұл курс оның мектебінде енгізіліп, мектептік өзін-өзі басқаруда сәтті жүзеге асырылды. Жоғары сынып оқушылары өздерін мұғалім рөлінде байқап көріп, өз аймақтарының тарихын құрдастарына түсінікті және қызықты қылып айтып бере алды.

 2014 жылы Бейжің саясат және заң институтына түскен (ҚХР), бірақ тіпті Қазақстаннан тыс жерде жүріп те белсенді қоғамдық қызметін жалғастырған. Ол Қытайдағы қазақстандық студенттердің қауымдастығының мүшесі болған, ҚХР-дағы ҚР елшілігінде тағылымдама өткен, дипломаттық өкілдік ұйымдастырған шараларға қатысқан. Сондай-ақ өзінің кіші Отаны туралы ұмытпаған, 2015 жылы оның алғашқы "Жезказган. История в лицах" кітабы жарық көрді. 500 беттік кітапта өз аймағы мен бүкіл Қазақстан дамуына үлес қосқан Жезқазған облысының елеулі тұрғындарының оқиғалары айтылады.

2017 жылы Тимур Жұмырбаев Қазақстанға қайтып оралып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түскен. Қытайда оқып жүргенде бастаған Қазақстан халық ассамблеясындағы белсенді жұмысын жалғастырған. Бүгінде Тимур Жұмырбаев ҚХА қанатының астында еліміздің жастарын біріктіру мақсатында жұмыс істейтін «Жарасым» жастар ұйымының басшысы болып табылады. Осы уақыт ішінде ұйым Рухани жаңғыру мемлекеттік бағдарламасының аясында ірі жобалар жүзеге асырды: көптеген аймақтарда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен ынталантыратын кездесулер ұйымдастырылды, киелі жерлерге тарихи-экологиялық экспедициялар жасалды, қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған жаңа және қызықты жастарға арналған жобалар жасалды.