Омар Шоназаров – белсенді қоғам қайраткері, кеңінен қайырымдылық жұмысын жүргізеді, халықтың әлеуметтік түрде әлсіз тобына бағытты көмек көрсетеді.

Бес жасынан күреспен айналыса бастанан, республикалық және облыстық жарыстарға қатысқан. 2008 жылға дейін бірнеше рет түрлі жарыстарға қатысқан, дзюдодан халықаралық класстағы спорт шебері атағы бар. 2008 жылы Тимирязев аиындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясының сырттай бөліміне оқуға түсіп, 2013 жылы бітірген. 2009 жыды бидай мен ұн экспорттау компаниясының ди⁠ректоры болып жұмыс істеген. 2014 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің Қауіпсіздік қызметінің бастығы болған. Жұмыс істеген мерзімінде ұрлық пен фирманың орналасқан ауданда ұрлықпен айналысатын жергілікті топтардың көзін жойды.  Жастармен, оның ішінде әлеуметтік-түрде әлсіз санаттармен жұмыс істеп, ауыл жастары үшін спорт турнирлары мен жарыстарын ұйымдастыра бастады. Жастар арасында қазастандық патриотизмді насихаттап, діни экстримизмнің алдын алу және жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізген. 2016 жылдан бері инвесторларды тартуға бағыттарлан жеке экспорттық компаниясын басқарады. Ақмола облысынан Еуропа мен Азияға зығыр экспорттауды жолға қойған. Тәжікстандағы компаньондары зығыр дәнінен май өндіреді, қаптамасына міндетті түрде «Ақмола зығыры» деп жазады. Оны Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Сауд Аравиясы, Катар, Иорданияға экспорттайды. 2016-2018 жылдар аралығында Ақмола облысына 3 инвестор тартылды, олардың бірі – 5 млн. доллларлық ұн тарту комбинаты мен астық қоймасы жұмыс істей бастады. 2 жоба әзірлену үстінде, жобаның жалпы құны 7 млн. доллар. 2020 жылға герман әдістемесі бойынша биожанармай өндіру зауыты тапсырылуға дайындалып жатыр. Қызметтік іссапарлар кезінде тәжік этномәдени бірлестіктері төрағаларыментанысып, Ақмола облысында да этнобірлестік құруды шешкен. Омар халықтар достығын, этносаралық келісім және қоғамдық тұрақтылықты сақтау және нығайту мақсатында халықтың ерікті бірлестігі ретінде құрылған «Санги-Кабуд» Тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып табылады.  Оның бастамасымен Ақмола ассамблеясының спорттық жастар командасы құрылған, ол өзара араласатын, достасып жүрген түрлі этностардың 200-ге жуық өкілін біріктірген. Төраға барлық келетін этникалық тәжіктермен түрлі тақырыптарға, оның ішінде діни тақырыптарға жеке сөйлеседі. Деструктивті радикал көзқарастарды насихаттайтындары кері қайтарылады. 2017 жылдың 25 қарашасында Достық үйінде ҚР Президенті күніне орайластырылған қоғамдық бірлестік презентациясы болды, оның бастамашысы да ұйымдастырушысы да Омар болған еді. Бұдан бөлек, шетелдегі қазақ диаспорасымен өзара ынтымақтастық жолға қойылған, Қазақстан республикасы мен Тәжікстан республикасы арасында екі жақты қатынас дамытуға ерекше назар бөлінеді. Жастарды біріктіру ниетімен Омар Шоназаров алысқа кетті. Тәжікстаннан «Бәйтерек» қазақ диаспоралық орталығын тауып алып, олармен байланыс орнатты, жастар бірге Душанбеде Наурыз өткізді, ақмолалықтар қазақша Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын, Ассамблея  туралы альманахты сыйлады. Омар Файзудинұлы – белсенді қоғам қайраткері, кеңіненқайырымдылық жұмысын жүргізеді, халықтың әлеуметтік түрде әлсіз тобына бағытты көмек көрсетеді. Облыстың шалғай елді мекендерінде спортты дамытып жүр.