Венера Гафурова - кәсіпкер

Венера Гафурова 1989 жылы 9 маусымда Қызылорда қаласында  дүниеге келген. 2007 жылы Т.Рысқұлов атындағы  Қазақ экономикалық университетін «Нархоз»  экономист мамандығы бойынша, 2013 жылы «МАБ» Халықаралық Бизнес Академиясының магистратурасын бітірген.

2006-2007 жылдары «Торғай Петролеум» АҚ экономист, 2007-2013 жылдары «Энергомонтажавтоматика» ЖШС қаржы директоры болып қызмет етті. 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін мұнай өнімдерін көтерме сататын «Alef trade» ЖШС директоры, «Персона» сұлулық салонының иесі.

Венера Гафурова облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі. Татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі ретінде үнемі мәдени-көпшілік шараларға қатысады. Жаны жомарт Венера жанашырлығымен көпшілікке мәшһүр. Әлеуметтік жауапкершілікті сезінген кәсіпкер мұқтаж жандарға қол созып, қайырымдылық шараларға бастамашылдық танытады. Беделді және белсенді  нәзік жан бүгінде 50 ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.  Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларына, мүгедек жандарға қаржылай дәрі-дәрмек және материалдық көмек көрсетеді. Аймақтағы өткізілетін қайырымдылық акцияларға белсене қатысады. Қарағанды облысы су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы көмек қолын созғандардың бірі. «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына тұрақты көмек беріп келеді. 2016 жылы Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты мен Құрмет грамотасының иегері атанды. ІІІ республикалық меценаттар форумында «Жомарт жан» медалімен марапатталған.