Виталий Аваргин – қоғам қайраткері

Виталий Аврагин – «Спидкубер» білім және ойын-сауық клубының жетекшісі. 2017 жылдың сәуірінде Екібастұз қаласының №10 мектебінде жеке кабинетте  «Спидкубер» ойын-сауық клубын құрған. Клуб Рубик кубигін жылдам құрастыруды тегін үйретумен айналысады. 2017 жылдың маусымында "Zhas Project" жобасында "Спидкубинг" бағыты бойынша өтеусіз грант жеңіп алды. Жоба аяқталған соң өзін-өзі қаржыландыра бастады, демеушілер тауып, кабинетке толық жөндеу жүргізді. 2018 жылы 25 ақпанда спидкубингтен алғашқы қалалық жарыс өткізді. 2018 жылы 11 наурызда MAXI MALL сауда және ойын-сауық орталығында Екібастұз қаласы спидкуберлерінің алғашқы кездесуін ұйымдастырды, оған кемінде 50 адам қатысты. Мұндай кездесулер әр сенбі сайын өтеді, балалар жиналып тәжірибелерін бөлісіп, бір-біріне көмектеседі, кішігірім жарыстар өткізіп, ірі халықаралық жарыстарға дайындалады. 2018 жылы 27 сәуірде "Спидкубер" БОСК жетекшісі тәрбиеленушілерімен және Павлодар қаласының  Жастар бастамасын  дамыту орталығымен бірлесіп алғашқы "OPEN PAVLODAR CUBE DAY" облыстық спидкубинг жарысын ұйымдастырды. "Спидкубер" БОСК тәрбиеленушілері бұл жарыстарда әділ қазы мен скрамблердің (скрамблер – басқатырғышты арнайы әдіспен шатастыратын адам. Бұл жарыстың әділ өтуі үшін жасалады) қызметтерін атқарды. Жарысқа 84 адам қатысып, "Спидкубер" БОСК тәрбиеленушісі Ертуған Мүлкібай үшінші орын алды (клуб атынан бары екі адам қатысқан). Клуб тәрбиеленушілері тұрақты түрде спидкубингтен халықаралық жарыстарға барып тұрады және еліміздің 100 үздік спидкуберлері қатарына енген. Тәрбиеленушілердің бірі "WCA" тізімі бойынша Қазақстан үздік спидкуберлері арасында 23-орында тұр.

Сондай-ақ Павлодар облысының аймақтық спидкубинг федерациясын ашу үшін жұмыс істеліп жатыр, кейін Шығыс Қазақстан облысының "Kazakhstan Speedcubing Federation" аймақтық спидкубанг федерациясымен бірігіп, Республикалық спидкубинг федерациясын құруды жоспарлап отыр. Оның үстіне спидкубингті әуелі қаланың, ары қарай республика мектептеріне қосымша сабақ ретінде енгізу жолдарын қарастырып жатыр. Клуб балалардың бос уақытын ұйымдастырумен және тәрбиелеумен айналысады: тұрақты түрде акциялар, флешмобтар ұйымдастырады (мысалы, Жеңіс күніне арнап).