Виталий Бақтыбаев Өскемен қаласының «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінде №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің аға жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Азаматтық қорғаныс бойынша аға прапорщик Виталий Васильевич 2000 жылдың тамыз айынан бері азаматтық қорғау органында. Қызмет барысында ол тек жақсы жағынан ғана көрінді.

Өзінің лауазымдық қызмет нұсқаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ол өзіне бекітілген өрт сөндіру машинасының техникалық сипаттамасын, мақсатын, құрылғыны шебер пайдаланады, сондай-ақ өрт сөндіруге баратын ауданды, су көздері орналасқан жерлерді, жолдарды және кірме жолдарды жақсы біледі. Өрт және апаттар кезінде жауынгерлік әрекеттер негізінде техникалық және тактикалық мүмкіндіктерді толық көлемде пайдаланады. Ол өзіне жүктелген барлық міндеттерді жоғары кәсібилікпен шешеді. Жас қызметкерлердің тәлімгері болып табылады.

2017 жылы 24 сәуірде Ертістің жылдам ағыны алып кеткен жас әйел мен екі жасар баланы құтқарды. Бұл шын мәнінде өте күрделі жағдай еді. Анасы жағалаудағы балалар алаңында екі баламен серуендеп жүрген еді. Бір мезетте, көңілі бөлініп кетіп, кішкентай ұлы суға түсіп кетеді, ал ол артынан суға секіреді... Оны да ағым алып кетеді... жағалауда жүрген жас жігіт суға секіреді және баланы ұстайды, бірақ оны да өзен бойымен сүйрелеп алып кетті. Чғни судағы дәрменсіз халдегі үш адам болды. Ол кезде Виталий Васильевич өз әіптестерімен жиыннан қайтып келе жатқан еді. Ол мұның бәрін көліктен байқады. Жылдам әрі нақты әрекет ете бастады. Алдымен ол жас баланың өқолынағы баланы алады, кейін әріптетеріне қолдарынан тізбек жасауға бұйрық береді, себебі оныда бақытсыз анамен бірге су ағымы алып кете жаздады.

Кейін белгілі болғандай, құтқарушылар ұжымында қалыптасқан мұндай реттелгендік  кездейсоқ емес еді. Виталий 2000 жылдан бастап Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар бойынша Департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру машинасының аға жүргізуші қызметкері болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, жыл сайын олар «дене шынықтыру» бойынша емтихан тапсырады, және де барлығы өте қатал өтеді. Ал жаттығулар ғарышкерлердікіне ұқсас: жүгіру, секіру, тартылу... Сонымен қатар, ол жас кезінде күреспен айналысқан. Жалпы алғанда,отбасын құтқаруда ерлік күші мен байсалдылығы маңызды рөл атқарды. Және де әрине азаматтық ұстаным – біреудің қайғысына бей-жай қарамау. Бірақ Виталий Васильевичтің айтуынша,ол Самаркада өскен, онда шағын өзен, бұлақтар болатын, және де ол жағалаудан алыс емес жерде жүзетін.

«Бейбіт күннің батыры» құрмет белгісін алмастан бұрын, оның қызмет тізімінде басқа да мемлекеттік және ведомстволық марапаттары болды: «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» үшінші дәрежелі медалі (2008 ж.), «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» екінші дәрежелі медалі (2014 ж.), мерейтойлық «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.) ордені. Ол оны күйеуі тастап кеткені үшін көпірден секіріп кетпекші болған қызды құтқарғаны үшін алды. Яғни, психолог болып та көрді...  бұл да сол сәуір айында болған еді. Ол өзінің кезекті бір ерлігі туралы былай дейді: «жанынан өтіп бара жатып, байқап қалдым және жазатайым оқиғаның жолын кестім». Нағыз батырлар әрдайым қарапайым болады.

Сондықтан  КАЗЦИНК АҚ ұйымдастырған жалпықалалық байқауда (ғаламтор желісі бойынша) дауыс беру нәтижесінде осы жылда барлық адам құтқарушылардың арасынан бірінші орын алғандығын және кәсіпорын атынан сыйлықақы алғандығын өзінен естіп білмедік.

Ал биылғы 2018 жылдың 7 наурыз  күні Бақтыбаев 2 қарауыл құрамында Маяковский көшесі 10-31 мекен-жайы бойынша өртке барады. Жатын бөлмеде ағаш конструкциялар өртеніп жатты – жиһаз, терезе блоктары, жеке заттары, тұрмыстық техника – жалпы ауданы 12 ш.м. Өте күшті өртті барлау барысында екі аяғы, қолдың буыны және беті 1,2 дәрежелі термиялық күйік алған пәтер иесі 1959 жылы туылған азаматша Зеленкова және тұншықтырғыш газдан улану белгілері бар анасы, 1935 жылы туылған азаматша табылды. Осылайша олар аға прапорщик Бақтыбаев Виталий Васильевичтің және қарауылдың арнайы құрамының жедел және келісілген әрекеттерінің арқасында құтқарылып, 1-қалалық аурухана қызметкерлеріне тапсырылды. Сондықтан да жұмыста да, үйде де, достарының арасында және көршілері оны «біздің батыр» деп атайды.