Владимир Кресс-спортшы

Владимир Кресс 1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Жастық шағынан бастап өмірін гір көтеру спортымен баулыған азамат, қазіргі таңда әлем рекордының иесі атанып отыр.

18 жасынан бастап гір көтеру спортымен айналысуды бастады. Алғашынан дене бітімін жақсарту үшін гір көтере бастады. Күннен күнге жаттығу жұмыстарының арттырғанының арқасында бір көтергеннен 24кг гірді 100 рет көтеруге қауқарлы болды. Соңғы көрсеткіші   24 кг гірді 1 сағат ішінде 1255 рет көтерді.

Сонымен қатар,  В.Кресс әлем чемпионатының және халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері. Владимир гір көтеру бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі болып есептеледі.