Вячеслав Литвинов Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің алтыншы курс студенті, бакалавр дәрежесін алғаннан кейін байқаудан өтіп, «Хирургия» мамандығы бойынша интенатураға қабылданды.

2017 жылы оңалту жабдықтарын өндіру бойынша Caste Tech компаниясын ашты. Қазақстандағы оңалту экзоскелетінің әзірлеушісі. Қазақстан Республикасының патенті алынған травматология саласындағы өнертабыстың бірлескен авторы (Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің травматология кафедрасының оқытушысымен және студент Э. Ташметовпен бірлесе отырып). Инсульт және сал ауруына ұшыраған әйелге арналған экзоскелет жобасымен Павлодар қаласында өткен «ТОМ Қазақстан» мейкатонында ҚММУ команда құрамында чемпион атанды.

Негізгі оқуымен қатар, ғылыми қызметпен айналысады. Памир тауында (Тәжікстан) физиология бойынша практикалық мектепте оқуды. Үш жыл бойы Студенттік ғылыми қоғамының төрағасы болып табылады. Ол қатысқан студенттік ғылыми жұмыстардың нәтижесінде Нидерланды мен Швейцарияда өткен конференцияларда баяндамалары баяндалды. РИНЦ және SCOPUS журналдарында жұмыстарының басылымдары бар.

2017 жылы қазан айында Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «Жастар Отанға» инновациялық идеялар Республикалық фестивалінің жеңімпазы. Г.В. Плеханов атындағы РГУ бизнес-инкубаторында (Мәскеу, 2018 жылдың жазы) жетілуден өткен сертификатымен марапатталды. Soul Map жобасының қатысушысы.   AstanaHub инкубаторының резиденті. BastauCamp байқауының жүлдегері.