Замиг Юсуфов – Жоғары білікті хирург, PhD доктор.

2007 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина академиясында (ҚММА) емдік іс мамандығын бітірді.  2008 жылы «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша ҚММА интернатурасын аяқтады. 2008 жылы жалпы хирургия бойынша даярлықтан өтті. 2008 жылдан бастап «Гиппократ» МФ» ЖШС хирургиялық блогының ординаторы болып жұмыс істейді.

2014 жылы Қарағанды Мемлекеттік медициналық университетінің магистратурасын бітірді.  Магистратурада қорғаған диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Лапароскопиялық хирургиядағы өткір холецистит пен созылмалы калькулезді холециститті клиника-морфологиялық салыстыру». 2017 жылы докторантураны бітіріп, (Қазақстан Республикасы) PhD доктор дәрежесіне ие болды. Докторантурадағы диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Антибиотиктерді хирургиялық жұқпа ошақтарына жасуша тасымалдағыштарының көмегімен бағыттап жіберудің фармакокинетикалық аспектілері».

Бүгінгі таңда Қарағанды Мемлекеттік медицина университетінің №2 хирургиялық аурулар кафедрасында ассистент болып жұмыс істейді. Медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында үнемі ғылыми ізденістер үстінде жүреді. 20-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.  Кәсіби біліктілігін арттыру үшін әлемнің ең үздік ауруханаларына барып тәжірибеден өтті. Әріптестері арасында беделді. Жас мамандардың құрметіне бөленген.

Халықаралық конференциялар мен семниарлардың  тұрақты қатысушысы. Өз ісінің адал маманы ретінде науқастарды бар ықыласымен қабылдап, дәрігерлік кеңестерін береді. Заманауи технологияларды тиімді қолдана отырып, жауапкершілігі мол ота жасау міндетін атқарып келеді.

Екінші жоғары білімі «Экономика және бизнес» факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр.